Ұлықбектің шәкірттері күннің суықтығына қарамастан жаттығуларын жалғастыруда. Арнайы футбол сыныбында шеберлігін шыңдап жүрген жеткіншектер күніне бір рет дайындалады. Уақыт өте оны да қойып, қаңтарға дейін демалысқа шығамыз дейді бапкер.
Ұлықбек Ирисметов, жаттықтырушы: «Біртіндеп балалардың жаттығуларын жеңілдетіп, кейіннен демалысқа шығарамыз. Қаңтар айында қайта жиналып, көктемге дайындықты бастаймыз. Жаңа маусымда жаңа медальдарды жеңіп алу үшін».
11-12 жасар футболшылар жуырда ғана биылғы маусымның соңғы турнирінен оралды. Таразда өткен жарыста облыстық футбол мектебінің шәкірттері бірінші орыннан көрінген.
Ұлықбек Ирисметов, жаттықтырушы: «Тараздағы жарыс Республикалық турнир болатын. 10 команда қатысып, топтың өзінен шығу қиынға соқты. Алайда командам ептілік таныта білді».
Биылғы маусым көңілден шықты деп Ұлықбек Ирисметов шәкірттерін келесі маусымға дайындауда. Биыл жерлестеріміз ел чемпионы атана алмады, ендігі мақсат бұл шыңды да бағындыру.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nvu6DTO8WJ4[/youtube]