ОҚО-ның 2011 жылы атқарған жұмысы

165
өнім сақтау қоймасы

Облыста өндірілген ауыл шарушылығы өнімі 187 млрд. теңгеден асты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 7,5 пайыз игерілу бар.

Оңтүстікте өткен 10 айдың ішінде 182,1 жерге жылыжай салынды. Сөйтіп оның жалпы көлемі 400 га-ға жуықтады. Сөйтіп республикадағы жылыжай бойынша облыстың үлесі 72 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ бізде, салыстырмалы түрде алғанда, тамшылатып суғару әдісін қолдану көрсеткіші де жақсы.

Бұл орайдағы облыстың республикадағы үлесі – 70 пайыз. Соңғы кездегі атап өтер тағы бір жақсы жаңалық – өнім сақтау қоймаларын көптеп салына бастауы.
Облыс бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 109,5 млрд. теңгені құрады. Ілгерілеу байқалады. Әсіресе тұрғын үй құрылысына инвестиция салу көрсеткіші, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3 есеге артты.

Облыста жалпы жұмыссыздық деңгейі біршама төмендепті. Ол үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі облыс бойынша орташа жалақы мөлшерінің былтырғыға қарағанда 15,5 пайызға өсіп, 65 174 теңгені құрағанынан да анық көрініп тұр. Тағы бір айта кететін жағдай, мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа да төлемдердің жоспары 110,5 пайызға орындалды.