Спорт 

Ордабасылықтар ҚР Кубогінің ақтық ойынына жолдама жеңіп алды

Таразбен Ордабасының жартылай финалдағы кездесуі ақтық ойынға жолдама иесінің тағдырын шешуі тиіс болатын. Ойынның алғашқы минуттарынан бастап-ақ матч оңай болмасы анық еді. Алайда қақпаға алғашқы голды Қайрат Әшірбеков салып, есепті ашқанда жанкүйерлер ордабасының жеңісіне сеніммен қарады.

Екінші гол да көп күттірмеді Дәуренбек Тәжімбетов екінші голдың авторы атанды. Ендігі кезекте қорғанысты күшейтіп есепті осы күйінде ұстап тұру қажет болатын. бірақ жерлестерімізге екі гол аздық еткендей, үшінші голды Бағдаулет Қожабаев салды.

Бұл матчта ордабасылықтар кем дегенде екі гол соғуы тиіс болатын. Бұл жоспар да орындалды. Енді жерлестеріміз қарашаның 13-не Алматыда Қостанайдың Тобылымен кездеседі.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz