Ордабасылықтардың әр қайсысы 10 мың АҚШ доллардан сыйақы алды

184
команда капитаны Қайрат Әшірбеков

Бұл жолы кубок иегерлеріне арнайы сыйақы тағайындалыпты, команданың әр бір ойыншысы 10 мың АҚШ долларына ие болды. Ал Ордабасының бас бапкері Виктор Пасулько 30 мың АҚШ доллар көлемінде сыйақы алды. Ел кубогі үшін таластағы бұл жеңіс оңтүстік спортының тарихында алтын әріппен жазылады.

Асқар Мырзахметов — ОҚО әкімі: «Футболға үлкен көңіл бөлініп отыр. Мәселен, биылдан бастап бірінші лигада команда ашылды. Сондай ақ футболмен шұғылданатын жастарға арналып 411 шағын алаңша салынды. Келесі жылдан бастап, облыс чемпионаты өтеді. Ол дегеніміз әр ауданда өзінің командасы болады деген сөз. Алда бұдан жоғары белестер тұр. Енді Европада ойнайтын боламыз. жеңістеріміз көп болсын.»

Биылғы маусым ордабасылықтар үшін сәтті аяқталды. Ел чемпионатындағы негізгі жоспар орындалып, жанкүйерлерге Қазақстан кубогін де сыйлады. Оңтүстік құрамасы келесі маусымда еуропа лигасында ептілігін байқатуы тиіс. Бүгіннен бастап, команда тарқатылып, желтоқсанға дейін демалыста болады. Ал жаңа жылдан Ордабасының құрамы қайта жасақталып, команда облыс намысын қорғау үшін жасыл алаңға қайта шығады.