Жаңалықтар 

Шымкентте қар-жаңбыр суына арналған қондырғы жетпейді

Қараша желтоқсанмен сол бір екі ай…Жауын-шашынның қоршаған ортаға пайдасын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Шу-Талас экологиялық департаментіндегі экологтардың айтуынша, жауын-шашын ауадағы зиянды заттекті фильтр ретінде сіңіріп алады екен. Сөйтіп таза ауамен тыныстауымызға үлкен септігін тиізеді. Екінші жағынан кері әсері де жоқ емес. Өйткені ауадағы зиянды заттекті жинап алған жаңбыр қар суы ағын су боп өзен көлдерге кеп құяры сөзсіз.

Аталған департаменттің директоры Әбдіғани Атымтаевтың айтуынша, әрбі үлкен қалаларда жаңбыр, қар суын сүзіп алар арнайы құрылғылар орнатылуы керек. Құрамындағы зиянды заттектен тазаланған соң ғана өзен-көлдерге жіберілуі керек. Ал бірақ, еліміздегі 3-ші қала Шымкентте бұл жағы ақсап тұрғанын облыстың бас экологы жасырмады.

Қаладағы тек Ордабасы алаңындағы нөсер суын тазалағыш құрылғы да істемей тұрғалы қашан. Бұл бағытта жергілікті әкімдіктермен арнайы жопар әзірленуде,-деп сендірді Ә.Атымтаев.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz