Білікті ұстаз,талантты әнші Надежда Войлочникованың биыл 90 жылдығы. Осыған орай, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-не оның достары, әріптестері, шәкірттері бас қосып белгілі педагогты еске алды. Айтулы шараны ұстаздың шәкірті Светлана Неймен Мәскеуден арнайы келіп ұйымдастырыпты. Басқосуға белгілі химик, кәсіпқой әнші Надежда Войлочникованың көзін көргендер көп жиналды.
Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қабырғасында қызметте бірге иық тірескендер, ұстаз тұтып, шәкірт атанғандар ерекше естеліктер айтты. Биыл ғалымның көзі тірі болғанда 90-ға толар еді. Химия саласы бойынша оған тең келген ешкім болмады. Ерекше педагог болатын. Өмірінің соңына дейін шәкірт тәрбиелеуден жалықпады. Ендігі біздің мақсатымыз оның еңбектерін жарыққа шығарып, жастарға оқулық етіп ұсынуымыз қажет дейді оның шәкірттері.
Надежда Войлочникованың білім жолы сан қилы. Алдымен мектеп бітірген соң Алматыдағы консерваторияның вокалын тәмамдайды. Кәсіби әнші атанған соң Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетін химия факультетіне оқуға түсіп, үздік тәмамдайды. Сөйтіп Шымкентке келіп алғаш еңбек жолын Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінен бастайды. Білім ошағының доценті атанады. Біздер Надежда Паволқызымен ерекше сыйластық. Ұстаз бен шәкірттің үздік үлгісін көрсеттік кейінгі буынға. Мен оқуды тәмәмдағасын Мәскеуге аспирантураға білімімді жалғастыруға кеттім. Бірақ, арамыз алшақтаса да байланысымыз үзілмеді. Үнемі кездесетінбіз. Мен жиі келетінмін Шымкентке. Ол жас шәкірттерге үлгі болатын білікті педагог, дарынды тұлға деп есептеймін.
Кездесуде білікті ұстаздың қайталанбас әдістемелік жүйесі талданды. Ресейден арнайы келіп аталған кешті ұйымдастырған ұстаздың шәкірті Светлана Неймен оның сабақ ерудегі өзіндік болмысын, шәкірт тәрбиелеудегі талантын сөз етті. Еске алу отырысы барысында ғалымның достары бұл кездесудің дәстүрге айналатынын айтты.