Астанада өткен халықаралық жарыста жерлестеріміз ептілік танытып, Еременко Валерий, Жансая Серікбаева, Каролина Каримова алтыннан алқа тағып, бүкілкомандалық сынақта оңтүстік қазақстандықтар көш бастады.
Сергей Еременко ұлттық құраманың мүшесі. Астанада өткен жарыста ол күміс медальды жеңіп алды. Бүгінде жерлесіміз Азия чемпионатына дайындалуда. Байрақты жарыста топ жарып, Олимпиадаға жолдама жеңіп алсақ деиді.
Сергей Еременко, семсерлесуден ҚР құрама командасының мүшесі: «Ақтық кездесуде қарсыласым өзімнің ағам болды. Мүмкін, соның салдары болар, жеңіліп қалдым. Енді кезекті жарысқа дайындығымды бастадым. Алда Азия, содан кейін Әлем Чемпионаты күтіп тұр. Іріктеуден сүрінбей өтуге тырысамын.»
Бүгінде бұл жеткіншектер кезекті жоспарды орындау үшін тырысып жатыр. Қарашаның 15-нен бастап семсерлесуден мықтылар шымкентте қылыштарын айқастыратын болады. Бұл күндері семсерлесу спортының шәкірттері таңғы сағат тоғыздан бастап орталық стадионда жаттығуда. Бапкерлер бұл спортқа балаларды 10 жастан бастап қабылдайды. Шұғылдансам деген ниеті бар жеткіншектер үшін бұл спорт залының есігі қашанда ашық.
Қарлығаш Сайханова, семсерлесуден ОҚО аға бапкері: «Мықтылардың арасында топ жару оңай болмасы анық. Өйткені, семсерлесу техникалық жағынан мұқият болуды талап етеді. Десек те, біздің үш шәкіртіміз ұлттық құраманың сапында өнер көрсетіп жүр. Олимпиадаға да жолдама жеңіп алар деген ниетіміз де бар.»