Шымкенттік гимнасшылар Израильде топ жарды

256
Халықаралық жарыстың жүлдегерлері

Израильде өткен жарыста сегіз елдің гимнасшылары өнер көрсеткен. Шымкенттік жеткіншектерден өзгелері еуропалық командалар. Десек те жерлестеріміз алтыннан алқа таға білген.

Аяна Абдірбекова жуырда ғана Израильден оралды. Әлия Жүсіпова басқарған гимнастика мектебінің шәкірті еуроппалық спортшылардың арасынан топ жарып, үш қола медальға ие болды. 9 жастағы гимансшы үшін бұл алғашқы жүлде емес. Осыған дейін де ол бірнеше жарыстарға қатысып, ептілік танытқан болатын.

 Аяна Әбдірбекова, гимнасшы: «Енді Ташкентке жарысқа барамыз. Сол жақта алтын медаль тағып, бапкерімді қуантамын деп үміттенемін.»

Гимнастика мектебінің кішкентай шәкірттері осыған дейін бірнеше жарысқа қатысып, тәжірибе жинақтаған болатын. Содан болар бұл жолғы байрақты жарыста шымкенттіктер екі алтын, және жеті қола медальға ие болды.

Әлия Жүсіпова, қалалық №9 гимнастика мектебінің директоры: «Қыздар жарады. Медальдар жеңіп алғаны біз үшін үлкен қуаныш. Оның үстиіне шымкенттік гимнасшылар Израильде Қазақстан құрамасының атынан ептілік танытты. Болашағы бар жастар. Бүгіннің өзінде жастар құрамасында Әшірбаева өнер көрсетіп жүр. Халықаралық жарыстар көп болса, чемпиондардың да қатары көбее түсетіні сөзсіз. Әрине, Олимпиада жеңімпазын тәрбиелейміз деп дөп басып айту қиын. Алайда, еңбектенудің арқасында жоспарды орындауға әбден болады. «

Кішкентай гимнасшылардың әр бірімен бапкер жеке жұмыс жасайды. Өйткені осы жеткіншектердің арасынан болашақта ел намысын қорғайтын спортшылар іріктелінетініне бапкер сенімді. Ең бастысы жағдай жасалынып, қолдау болса.Бүгінде гимнасшыларымыз келесі жарысқа дайындалуда. Ресейде өтетін турнирде өнер көрсетпек. Сондай-ақ, Әлия Жүсіпова ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалғалы басты команданың оқу жаттығу жиыны да шымкентте өтеді. Ел мақтаныштарымен бірге дайындалу шымкенттіктер үшін үлкен тәжірибе.