Шымкент қаласындағы «Алтын дән» ірі-тауарлы сүт фермасы өндірісті модернизациялау шеңберінде герман технологиясы бойынша сауу цехын іске қосып, кәсіпорынның сүтті қайта өңдеу зауытына жабдық орнатыпты.
Сүт фермасы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан алынған қаржыға ферма өндірісінің сауу залына қажетті жабдық сатып алыпты. Енді олар бір уақытта бірден 20 бас сиырды 45 секундта сауып бітіп, бір тәулікте 200 литр сүт ала алады. Фермада 560 бас сиыр бар екен. Солардың бүгінгі таңада 160-қа жуыығы сауылып отырған көрінеді. Қалғандары буаз немесе жаңа туғандар мен бұзаулар. Майлылығы 4,2 сүт беретін сиырларды «алтындәндіктер» өздері еккен жем-шөппен бағады.
«Алтын дән» ЖШС бидайды қайта өңдеу саласы бойынша мамандандырылады. Кәсіпорын ұн өндіреді, ал қалдықтарынан малға азық дайындайды. Әртараптандыру мақсатында шаруашылық ет бағытындағы мал шаруашылығымен айналыса бастап, осындай жетістікке жетіп отыр.