«Стандартцемент» халықты улап жатқан жоқ

184
Зауыт аумағы

Шымкент қаласының іргесінде салынған «Стандартцемент» зауыты толық өндірістік қуатымен өнім шығарып жатыр. Оқырмандардың шағымын «арқалап» барған мен, арнайы рұқсат қағазын алып, зауыттың бас технологымен бірге жұмыс алаңын аралап, өнімнің өндірілу барысын тамашаладым. Зауыт деген аты бар, шығып жатқан түтіні қайда деп іздедім әрлі-берлі. Шынымен-ақ, экологияға зияны бар болса, зауыт аумағындағы жайнаған жасыл желек қайдан энергия алып тұр деп ойландым. Мұнтаздай тап-таза, көгалдандыру жұмыстары жақсы жүргізілген екен. Менің келу себебіммен танысқан «стандартцементтіктер» ең бірінші болып, цементтің күнделікті құрамын тексеріп отыратын зертханасына кіргізіп, оның жұмысымен таныстырды. Арнайы оператор