Жаңалықтар 

Тоңған мектептің балалары жылынатын болды

Осы уақытқа дейін электр қондырғыларымен жылынып келген білім ошағында бүгін үлкен қуаныш. Тоңамыз деп мектепке келмей жүрген оқушылардың ата-аналарының да көңілдері орнына түсіпті. Дегенімен әлі түрлі себептермен 15 оқушы сабаққа келмей жүр. Сынып бөлмелеріндегі температура 18-20 градус аралығында. Бұл көрсеткішті төмендетпеу үшін аудан әкімі екінеші қазандықты да сүйық отынмен қосуға тапсырма берді.

500 ден асам оқушысы бар білім ошағының қазандығы қатты отынмен жылытуға арналған. Алайда қалалық білім бөлімі биыл мектеп қазандығын көгілдір отынға алмастырмақ болып, жобалық сметалық құжаттар дайындаған .Бюджетен тиісті қаражат та қаралған. Тек “КазТрансГаз Аймақ” АҚ құбырды Темірлан тас жолының үстінен аспалы етіп өткізуге келісім бермеген .

Әзірге білім ошағы сүйық отынмен жылытылатын болады. “КазТрансГаз Аймақ” АҚ арнасындағы келісім шарт жасалып, мектепке көгілдір отын, келгенде ғана қазандықтар газбен жылытуға алмастырылады. Әрине ол үшін барлақ жағдай жасалыпты.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz