Тоқтаусыз жауын тығырыққа тіреді

234
жаяу жүргінші жүзіп өтсе де болады

Тәулік бойы жауған жауын шымкенттіктерді әбден әбігерге салды. Ирригациялық жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен қала көшелері лайлы суға толды. Әсіресе, орталық аумақтарда арықтардың арнасына сыймай таралған су жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысын қиындатты.

Қаланың қай бұрышына барсаңыз да көлкіген лайлы судың көшеге тарағанын көресіз. Нөсерлеткен жауыннан көтерілген су деңгейі арықтардың арнасынан асып жатыр. Оның зардабын әсіресе, жаяу жүргіншілер тартса, көлкіп аққан лайлы судан жүргізушілер жолды таппай әуре. Біреулері жолды көрмей, темір тұлпары арыққа түсіріп алып жатыр.

Осының бәрі ирригациялық жүйені дұрыс жолға қоя алмаған жергілікті әкімдіктің кінәсі дейді тұрғындар. Алда әлі бес ай бойы жауын-шашынды су кешетін кезең бар.

Жауаптылар құр сылтаудан гөрі, нақты әрекетке көшсе, тарқатылмайтын түйін болмас еді.