Жаңалықтар 

Вич позитивті балаларды емдейтін дәрігерлер жұмыстан кетпейтін болды

“Ана мен бала” мемлекеттік мекемесінде жағдай қалыпты. Мұны ВИЧ позитивті баларды емдеп жатқан оңалту орталығының бас дәрігері Еркен Құлманбетов мәлімдеді.

“Біздің өтініштерімізге ешкім қол қойған жоқ. Қазір қалыпты жұмыс жасап жатырмыз. Алаңдаушылық білдіріп, хабарласмқандарыңызға рахмет,”-деді бас дәрігер телефон арқылы.

Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын медорталықтың қызметкерлері басшыларымен қоса өз еріктерімен жұмыстан кету туралы өтініш жазған болатын. Сол кезде дәрігерлердің мәлім етуі бойынша, емделуші балалардың ата-аналарымен арада жиі кикілжің орын алаберуі себепті, сондай-ақ қайта-қайта тексеру титықтатып жіберген.

Еркен Құлманбетовтың айтуынша, медорталықта қазір жағдай қалыпты. Сондықтан, дәрігерлер мен ата-аналардың мазасын алмауын сұранамын,-деді бас дәрігер.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz