Өткен аптада «3-Энергоорталық» ЖШС-нің басшылығы ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергеновты мекемеге жүктелген инвестициялық міндеттерді орындау барысымен таныстырды. Акционерлік қоғам келер жылы станцияның қуатын 210 мвт. дейін көтеріп, аймақтағы электр қуаты тапшылығын жартылай шешетін қосымша қуат көзін іске қосуды және қуаттылығы 50 мвт генератормен турбинаны іске қосуды жоспарлауда.
«3-Энергоорталық» АҚ-ы қаланы жылу және ыстық сумен 1998 жылдан бері қамтамассыз етіп келеді. Тұтынушыларға көрсететін қызмет сапасын арттыру мақсатында АҚ-мен инвестициялық бағдарламалар қабылданған болатын. Оларды жүзеге асыру мақсатында 2007-2009 жылдар аралығында 4450 млн. теңге, былтыр 338 млн. теңге жұмсалды. Барлық іс шаралар амортизациялық төлемдер есебінен орындалды. Бекітілген тарифтер электр және жылу қуатын өндіруге жұмсалған қаражатты жаппады,- дейді мамандар.
Любовь МАРШАЛКИНА, «3-Энергоорталық» бас директордың қаржы мәселелер жөніндегі орынбасары:
Электр қуатын өндіруге кеткен шығын-277,2 млн. теңге, ал жылуэнергиясына 290,6 млн. теңге жұмсалған. Биыл 2 309,4 млн. теңгеге шараларды өткізу жоспарланған еді. Нақты жұмыстар 535,6 млн., соның ішінде инвестцицилық бағдарламалар бойынша 377,2 млн. теңге құрады. Турбинаның 30-шы сатысы күрделі жөндеуден өтіп, қалпына келтірілді.
Биыл қаладағы Иляев пен Байтұрсынов көшелеріндегі негізгі жылу жүйелерін жаңалауға 158,4 теңге жұмсалды. 4,4 шақырым тозығы жеткен жылу жүйесі ауыстырылды.
Хидирали НАСИБОВ, «3-Энергоорталық» АҚ-ның бас инженері:
Адырбеков көшесіндегі жылу жүйесі жаңаланды, №3 қазандық күрделі жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, 30 жарым млн.-ға құбырларды қатпау жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар қаланы жылумен өз деңгейінде қамтамассыз етуге мүмкіндік береді.
«3-Энергоорталық» АҚ-мен дайындалған инвестициялық бағдарлама аясында қосымша қуат көзі ретінде қуаттылығы 50 мвт генератор мен турбинаны іске қосу жоспарлануда.