//
Жаңалықтар 

Жылудың сапасын саралау басталды

Шымкентте бүгінгі таңда барлық бала бақша мен мектептерге жылу қосылған. Жауапты мамандар осындай мәлімет беріп отыр. 153 білім мекемелерінің 98-і орталықтандырылған қазандық арқылы жылынады. Мектеп оқушыларының күзгі демалыстан оралуына байланысты, мекемелердегі жылу сапасына мониторинг жасау қолға алынды. Оған жауапты Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармалары. Еңбекші аудандық СЭҚ басқармасының мамандары бүгін бірнеше мектептерді сараптаудан өткізді.

Жылу сапасы бойынша, санитарлық нормаларға сай мектептердегі бөлмелерінің температурасы +18 бен +22 градустың аралығында болуы тиіс, ал бала бақшаларда ол 19 бен 23 градус аралығын қамтуы керек. Санитар мамандармен бірге барған №70 мектеп- балабақшасындағы көрсеткіш талапқа сай болып шықты,тек ол орталықтандырылған жалу жүйелеріндегі жылудың сапасынан ғана емес ұжым өкілдерінің жылуды сақтауы мен рұқсат етілген құралдарды қолдану арқылы да мүмкін болып отыр.

Бала бақша меңгерушісінің шаруашалық жөніндегі орынбасары Айгерім Әбдраймова өзінің жұмыс күнін жертөледе орнатылған құралдағы көрсеткішін көруден бастайды. Ол бірінші кезекте білім бөліміне, онан соң Санитар дәрігерлерге, соңғысы қала әкімдігінің диспетчеріне мәлімет беріп отырады. Шымкенттік мекемелерге жылу берілген алғашқы күні, қазанның 31-і күні жүйедегі кіріс көрсеткіші 37, ал шығысы 25 ті көрсеткен болатын. Бүгінде ол 54 пен 37 ге жеткен.

Қалалық білім бөлімінің мамандары да күзгі демалыстан кейінгі оқу жүйесінің басталуына байланысты барлық мектептердегі жылудың сапасын саралауға шықты. Алдын ала жасалған қортынды бойынша, ортақ көрсеткіш 17 мен 18 градусты құрап отыр. Жылудың жоғарғы деңгейге жетуі қаланың толықтай режимге енуіне байланысты. Оның қай кезде түбегейлі орындалатыны белгісіз.

 

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz