Құрылыс вагонында орын алған өртте жанып кеткендер бар

Тілсіз жау тағы бір адамның өмірін үзді

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үй аумағында өрт шыққан.

Тілсіз жау 4 желтоқсан күні «Бекхаус» ЖШС-не тиесілі вагонның ішінде тұтанған,- деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз -қызметі.

Жалынды ауыздықтау кезінде  ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 14 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылған. Сөндірілген өрт орнынан 65 жасар күзетшінің мәйіті табылған.