Жаңалықтар 

Қауіпті қиылысқа бағдаршам орнатылды

Енді Д.Қонаев жолының қауіптілігі азайды. Бұдан былай мектеп оқушылары мен студенттер және зейнеткерлер барар жеріне өмірін тәуекелге байлап өтпейтін болды. Неге дейсіз ғой. Өйткені, Қонаев даңғылындағы қиылысқа бағдаршам орнатылды. Оны мамандар әуежайдағы орнынан ауыстырыпты. Автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілер жолын елемей көп ретте басып озатыны жалпыға аян жағдай. Олардың бұл қылығына шағымданғандар нәтиже шығара алмай әлек. Мәселенің шарықтау шегі 16 жасар оқушының трагедиялық өлімімен аяқталғаны әлі есімізде. Марқұм болған Динара Атажанова сол сәтте жолақ өткел арқылы өтпек болып, «Ауди» маркалы автокөліктің екпінімен доптай ұшқан еді. Реттеуіш құралын қою үшін жергілікті биліктің…

Read More
Жаңалықтар 

Б.Торғауытов: «Сайлау науқаны бойынша арыз-шағым жоқ»

Облыстық, қалалық және аудандық мәслихатқа үміткерлер сайлау науқанына дайын. Облыстық сайлау комиссиясы осылай деп хабарлады. Естеріңізге салайық, 15 қаңтар күні жалпы саны 1047 кандидат түрлі дәрежедегі депутаттыққа түсетін болады. Олардың 193-і облыстық, 275-і қалалық және 579 үміткер аудандық мәслихатқа депутаттыққа түспекші. Айта өтейік, үміткерлерді тіркеу 20 желтоқсанда аяқталған болатын. 1 миллион 211 мың 240 адам. 15 қаңтар күні облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттыққа үміткерлер үшін осынша азамат дауыс береді деп күтілуде. Депутаттыққа кандидаттарды қаржыландыру 29 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Қазір болашақ халық қалаулылары өз сайлаушыларына үгіт насихат жұмыстарын қызу жүргізуде. Ал…

Read More
Жаңалықтар 

Жәрмеңке көпшіліктің көңілінен шықты

Биылдыққа соңғы жәрмеңкелердің бірі сенбі күні Қонаев даңғылында ұйымдастырылды. Адамның қарасы қалың болды. Сөредегі өнімдерге,олардың бағасы жайлы тұрғындардың пікірі сан-алуан. Бірі барлығы керемет десе, кейбіреулері бағалардың базар құнынан еш айырмашылығы жоқ-өнімдер мұздатылған, ет майлы құр сүйек.Әкімдік неге қадағаламайды деп сындарын да жеткізуде. Алайда арнамыздың түсіру тобы сауда қатарларын аралап, еттің бағасы базардан төмен екендігін анықтады. Балдың түр- түрін саудалап тұрған омарташылар биылғы жыл ауыр болды дейді. Омарташы Александр Попов: «Балдың өнімділігі баларасы жайылымдарындағы өсімдіктердің гүлденуіне, шауқты күндерге тікелей байланысты. Келер жылы табысты болады деген үміттеміз.» Ауа райының қолайсыздығынан жергілікті диқандар…

Read More
Жаңалықтар 

«Roof house» компаниясы балалар үйіне сыйлықтармен барды

Жүк көлігі нөмірі үшінші балалар үйіне жәй келген жоқ. «Roof house» компаниясының өкілдері мұндағы балғындарға жаңа жыл қарсаңында сыйлықтарын ала келіпті. Нурлан Дусанов,  «Roof house» компаниясының директоры Бұл жылы біз өте жақсы жұмыс атқардық, біздің компанияның жақсы жаңалықтары да болды және тұтынушыларымыз да көбейді. Жылды қорытындылай келе біз табысымыздың бір бөлігін қайырымдылық ісіне жұмсап, балаларға сыйлық берейік деп шештік. Сыйлық болғанда да балаларға ең керегі: бейнелеу сабағына арналған жиынтықтар, бояулар және балалардың шығармашылық дамуы мен салауатты өмір салтын дамытуға арналған жаттығу құрылғылары бар. Ал мұндағы сенсорлы бөлме кішкентай балғындар үшін…

Read More
Спорт 

Мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты мәреге жетті

2011 жылдың аязды желтоқсаны жанкүйерлер есінде қалды. Шымкентте алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтті. 4 күн ішінде мұз айдыны мәнерлеп сырғанағандардың әсем жарысымен әрленді. Шымкентте қысқы спорт түрлері мектебінің ашылғанына жылдың төңірегі болды. Сондықтан, өз алаңымызда республикалық біріншілік өтукізу үлкен жетістік дейді ұйымдастырушылар. Әрине, балғын жерлестеріміз дүлдүл доданың майталмандарына қарсылас бола алмайтыны анық. Дегенмен, бұл тәжірибе алмасу екені даусыз. Намазбай Әбдіқұлов, №8 қысқы спорт түрлері мектебінің директоры: » Бір қуантарлығы төрешілер біздің шәкірттерімізге жақсы баға беріп кетті. Болашақта үмітімізді ақтайтын мықты мәнерлеп сырғанаушылар шығады деген үміттеміз.» Чемпионатқа еліміздің 6…

Read More
Оқыс оқиға 

Шымкентте із-түссіз жоғалған қос жігіттің мәйіті табылды

Із-түссіз жоғалған 23 жасар Бақдәулет пен 22 жасар Шыңғыс Жаманқұловтың ісі қайғылы жағдаймен аяқталды.  Хабарсыз кеткен жігіттердің өлі денесі гараждағы БМВ автокөлігінің ішінен табылған. Алдын ала жасалған болжам бойынша олар улы газға тұншығып өлген. Естеріңізге сала кетсек, өрімдей қос жігіт 11-желтоқсан күні жоғалған. Кей мәліметтерге сенсек, Бақдәулет қалаға өзінің БМВ маркалы 525 нөмірлі автөкөлігімен шығып кетеді. Сөйтіп сол кеткеннен өз үйіне оралмайды, тіпті сол күні жұмысына да бармаған. Ал әріптестері онымен бірге Шыңғыстың да ізім-ғайым жоқ болып кеткенін айтуда. Олардың дәл сол түні жолығып, кездескені де анық емес. Бұл іспен…

Read More