Жаңалықтар 

Мал дәрігерлері арнайы көлікпен қамтылды

Оңтүстікқазақстандық ветеринарлардың жұмысы жеңілдейді. Оларға ауыл шаруашылығы министрлігі атынан 21 көліктің кілті табыс етілді. Қарашаның 11-не Астанада өткен агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің Республикалық форумында елбасы ветеринария саласына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтқан болатын. Мақсат-мал өнімін 2016 жылға дейін 60 мың тоннаға жеткізу, ол арқылы мал еттерінің экспорттық әлеуетін дамыту. Бүгінгі тарту сол бастаманың алғашқы бір қадамы іспеттес.

Read More
Жаңалықтар 

Астаналық цирк Шымкентке келді (PR)

Елорданың өнер ордасы бүгін бүлдіршіндер үшін өзінің алғашқы бағдарламасын ұсынды. Аталмыш ұжым тұңғыш рет оңтүстікке келіп отыр. Астаналық цирктің Шымкент «Мұз сарайында» қойылым қоятынын естіген жұрт таң сәріден топ болып жиналып қалды. Отандық өнерді тамашалауға үлкен де, кіші де келді. Сарайдағы 3 мың орын лық толып, ине шаншыр жер қалмады. Сөйтіп, цирктің алғашқы нөмірлері де басталды. Биші акробаттар төбеде қалқып, қанат біткен адамның кейпін көрсетті. Отандық цирк түрлі аттар, түйелер мен понилардың үйретілуімен қойылымдар әзірлеп келіпті. Сайқымазақтар күлкінің сәнін келтірді. Астаналық цирктің өнерін тамашалуға еңбектеген баладан ересектерге дейін қызығушылық танытып…

Read More
Жаңалықтар 

Үй кітапшасы электронды жүйеге ауыспақ

Жеке әлеуметтік коды жане салық төлеушінің есеп нөмірі секілді үй кітапшасы да қолданыстан алынып тасталынбақ. Биылғы жылдың аяғына дейін тұрғындарды электронды түрде мекен жайы бойынша тіркеу қызметі енгізілмек. Бұл жаңа мемлекеттік қызмет түрі әрбір Қазақстандық үшін қолайлы. Өйткені жеке куәлік алу үшін өтінішті Қазақстанның кез келген жерінен беруге болады. Тек электронды мекенжайын растайтын анықтамасы болса болғаны. Ал ортақ базаға ену үшін азамат халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, жеке куәлігімен қайта тіркеуден өту керек. Бұл-ақысыз әрі жылдам жүргізілетін қызмет түрі.

Read More
Жаңалықтар 

Тұрғындар учаскелік полицейге көмектесе алады

Шымкенттің 12-шағынауданының тұрғындарымен кездесуге бірнеше мәселе себеп болған: аудандағы уй аулалары, тегін автотұрақтардың көбеюі, пәтер жалдаушылар мен қылмыстық іс-әрекеттердің санының артуы және учаскелік тексерушілердің жұмысы. Кездесу барысында аудандық әкімшіліктің тәлімгері де қатысты. Автокөліктерден заттардың ұрлануы, түнде үй аулаларында болатын тәртіпсіздіктер үйреншікті жағдайға айналған. Полиция қызметкерлерінің сан рет айтқан ескертпелеріне құлақ асуды қойған темір тұлпар иелері көліктеріне жайбарақат қарауының салдарынан ұрылардың жеміне айналып жатады. Онымен қоймай көліктерін балалар алаңашасына қойып, бүлдіршіндердің емін-еркін, алаңсыз ойнауына кедергі жасауда. Осындай келеңсіздіктерден кейін жиектер мен арықтардың арнасы құртылып, ирригациялық жүйелерге зақым келеді. 12-шағынауданының учасекелік инспекторы Бауыржан…

Read More
Оқыс оқиға 

Тілсіз жау кәсіпкерлерді шығынға батырды

Шымкенттегі бұрынғы «Заря» аяқ киім фабрикасы өртке оранды. Суыт хабар  өрт сөндіру қызметіне таңғы сағат 5-те тіркелген. Оқиға орын алған жерге жеті бірдей топ жұмылдырылған. Онымен қоса, түтін тартқыш арнайы техника да жұмылдырылды. Өрт шарпыған ғимарат тым ескі, яғни төбесі қамыстан соғылған. Сондықтан да өртті сөндіру оңайға соқпады.  3-ші өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Нүркен Сұлтановтың айтуынша, тілсіз жау 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Сондай-ақ, 50 литрлік екі газбаллон іске  қосылған. Ғимаратты жалға алған жеке кәсіпкерлер аз шығынға батқан жоқ. Өрт сөндіру қызметінің жедел қимылының арқасында одан да орасан шығындардың алдын…

Read More
Жаңалықтар 

Ел анасы өмірден өтті

12 ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеген Үрзада Мыңбай анамыз өмірден өтті. «Алып та анадан туады» дейді қазақ. Үрзада ана өзінің ғұмырында көп балалы батыр ана ғана емес, қоғамның тұтқасы болар айтулы азаматтарды тәрбиелеген жан. Отағасы Қамзабек аға екеуі 12 ұл-қызының барлығына да жоғары білім, өнегелі тәрбие берген аяулы жан бір әулеттін ғана емес, елдің анасы бола білді. Ұлдары — ҚР Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбай, Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінің проректоры, белгілі Алаш танушы ғалым Диқан Қамзабекұлы, кеден саласының білгір маманы Бархан Мыңбай сынды есімдері елге белгілі азаматтарды дүниеге әкеліп,…

Read More