Спорт 

Параолимпиада чемпионының пәтер мәселесі шешілмей отыр

Анастасия Соболева қалада пәтер жалдап тұрады. Мұны облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы Болат Қырықбаев жария етті. Жалданған пәтерде Настя өзінің күйеуімен Лондонда өтетін параолимпиадаға дейін тұрады. Ол басы байлы пәтер алу үшін, осы сында жеңіске жетуі тиіс. Сонда ғана спортсмен қыздың пәтер мәселесі шешіледі дейді сала басшылары. Еске сала кетейік, 21 алтын медаль иегері, түрлі халықаралық және республикалық, турнирлердің жеңімпазы мүмкіндігі шектеулі жан Настя үйсіз қалған болатын. Осыдан бір жыл бұрын қалалық әкімдік бұл аруға жатақхана бөлмесінің кілтін табыстаған болатын. Алайда, араға ұзақ мерзім салып, жазда келген оның бөлмесі…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстік Қазақстан Фармацевтикалық Академиясы тағы бір ғимаратқа ие болды (PR)

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы жаңа ғимаратқа ие болды. Болашақ медицина қызметкерлерін дайындайтын оқу ордасына бұл теңдессіз тарту дейді студенттер мен оқытушылар қауымы. Фармацевтика саласының болашақ мамандары білім алатын оқу ордасының жаңа ғимаратының жалпы аумағы 3600 шаршы метр. Зәулім ғимаратта 600 шәкірт білім алмақ. Негізгі мамандыққа сай пәндерден өзге мұнда тілдер және әскери кафедра орналасқан. Жақсылық Әлихан ОҚФА студенттердің көшбасшысы. Жаңа қосымша ғимараттың сыйға берілуі болашақ фармацевтер үшін мол мүмкіндік береді. Қазақстан медицина саласында өзіндік орны бар оқу ордасының қуанышымен облыс басшылығы да бөлісті. Облыс…

Read More
Жаңалықтар 

Қазақстан жыл өткен сайын ластануда

Қазақстанда небәрі үш жыл ішінде 1,5 млрд. тоннадан астам тұрмыстық және өндірістік қалдық жиналып қалған. Бұл туралы қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Руслан Бөлтіріков мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл сайын елімізде 5 млн. тонна тұрмыстық қалдық шығатын болса, 700 млн. тонна өндірістік қалдық айналаны ластайды екен. Оның 20 пайызы жойылуға жатады. Ал қалғаны қоқыс полигонына жіберіледі.

Read More
Жаңалықтар 

Шымкенттік еріктілер тобы ерекше акция ұйымдастырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша 5-желтоқсан халықаралық еріктілер күні етіп белгіленген. Осыған орай түрлі елдерде бұл күні еріктілердің жаппай слеті өтті. Шымкенттік белсенді жастар тобы да  мереке күні бас қосуды ұйғарыпты. «Алем», «Достар» тағы өзге де қоғамдық жастар ұйымының мүшелері ауа райының суықтығына қарамастан атаулы датаны атап өту үшін саябаққа жиналды. Қаламыздағы көптеген ЖОО-ның студенттері мұнда асқан қызығушылықпен келген. Олар енді ойланбастан еріктілер ұйымында көптеген шараларға қатысып, белсенділік таныта алады. Орталық Тәуелсіздік саябағында топтана жиналған 50-ге жуық жастардың іс-әрекетіне таңырқай қарағандар да болды. Олар «Еріктілер әлемді өзгертеді»  сынды мәтіндер жазылған…

Read More
Жаңалықтар 

Алған тауарыңызға чек талап етіңіз

«Чек талап ет-Патриот бол» акциясы республика деңгейінде өтіп жатқан іс шара. Әзірге акцияның бірінші кезеңі аудан көлемінде аяқталды. Оған ОҚО Төлеби өңіріндегі барлық мектептер атсалысты. Оқушылар сатып алған тауарлары үшін берілуге тиіс чекті кәсіпкерлерден талап етіп, оны жинаудан жарысқан. Сөйтіп, ең көп бақылау касса құрылғысының чегін жинағандар мадақталды. Негізі аталған акцияға тек шәкірттер ғана емес сонымен қатар кез келген азамат қатыса алады. Бірақ, әзірге ауқымды шараға ауыл және аудан мектептерінің 1 және 11 сынып аралығындағы оқушылар ғана қатысып, белсенділік танытып отыр. Ең көп чек жинап жүлделі болған сынып, енді, облыс…

Read More
Жаңалықтар 

«Ұлттық теңге-кемел болашақ кепілі» көрмесінен қапы қалмаңыз

«Жұлдызды 20 күндегі» теңге күні» облыстық өлкетану мұражайында көрмеленді. Онда 9,10-ғасырларға жататын Қараханид дәуірінің монеталарынан бастап, Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасына дейін көрерменге көрсетілді. Тәуелсіз елдің төл туындысын шығару тарихы айтылып, Қазақ елі ақшасының баспасына ағылшындық әріптестердің көмекке келгенін де баяндау ұмыт қалдырылған жоқ. Жалпы саны мыңнан асатын теңгелер көрмесіне мектеп оқушылары мен университет студенттері және жоғары лауазымды қонақтар келді. Төл теңгеміздің шыққанына биыл 18 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан ақшасы түрлі кезеңді бастан кешірді. «Жұлдызды 20 күндегі «теңге күнінде»елдегі  атаулы күндерге байланысты ұлттық банк шығарған жалқы нұсқалы 82 монета сатылымға…

Read More