Жаңалықтар 

Ержан Серікбаев бүгін 50 жасқа толар еді

Марқұмды еске алу үшін дарынды тұлғаның өнердегі әріптестері, көзін көрген достары Шымкент қаласында ашылған Шәмші аллеясында Ержан Серікбаевтың құрметіне қойылған бес жұлдызға барып, гүл шоқтарын қойды. 70-тен аса ән жазған Ержан Серікбаевтің “Қала”, «Көтерейік, кәне, достар», «Інжу маржан», «Алматы таңы», “Қазақ жігіттері” сияқты шығармалары ел сүйіп тыңдайтын тамаша туындыларға айналды. Еске алу сәтіне қатысқандар енді жылда Ержан Серікбаевтің туылған күнінде осында жиналуға уәде берісіп тарқасты. Айта кететін бір жәйт, әншінің туып өскен ауылы Арыс қаласында 5-ақпан күні орталық «Ергөбек» мәдениет үйінде Ержан Серікбаевті еске алу кеші өтпек. Аталған кеште Ержанның…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкент қаласы әкімінің шырша тойы өтті

Балаларға мерекелік тарту жалғасуда. Жаңа жыл қарсаңында көңілі жарым балдырғандардың басын қосқан Шымкент  қаласы әкімінің шырша тойы өтті. Қалалық балалар балмаскарадына 110 балдырған арнайы шақырылыпты. Әдеттегідей жаңа жылдық қойылым аясында жасыл шыршаны айнала ән мен жырға бөленген көңілді кешке ұласты. Мұндай балды жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған, сондай-ақ жағдайы төмен отбасылардың балалары үшін қала әкімдігі ұйымдастырыпты. Арман Жетпісбаев, Шымкент қаласының  әкімі: «Біздің балаларға бақытты балалық шақ тілеймін. Әрдайым жүздерінен қуаныш кетпей, елімізді гүлдендіре бергей.» Балалар мерекесінің бас кейіпкерлері: Аяз ата, қарша қыз, жалмауыз кемпір, қарқыздары арнайы қойылымдарымен оларды ертегілер әлеміне…

Read More
Жаңалықтар 

Өмірзақ Шөкеевтің орнына Әсет Исекешев келді

ҚР бірінші вице-премьерінің міндеттерін атқару индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке жүктелді. Бұл туралы премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді. «Өмірзақ Естайұлы «Самұрық-Қазынаға» ауысқандықтан, бізде міндеттер қайта бөлінеді. Мен мынадай шешім қабылдадым: оперативті басқару Исекешевке жүктеледі». «Алдағы мерекелер мен электоралды оқиғаларды ескере отырып, бізде штаб құрылады. Әсет Орынтайұлы, сізге осы күндері осында тұруға тура келеді. Облыстарда да жауаптыларды белгілеу керек», — деді үкімет басшысы. Мемлекет басшысы айтқандай: ешқандай демалыс, іс сапар деген болмайды, бәрі жұмыс орындарында болуға тиіс», — деп еске салды ол.

Read More
Жаңалықтар 

Ақмола облысында жолдар ашылды, дегенмен өзге облыстардың жолдары әлі жабық тұр

Ақмола облысында жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. «Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында автокөлік қозғалысына шектеу алынды. Дегенмен өзге облыстардың жолдары әлі жабық тұр. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында  ( Ресей Федерациясының шекарасы), көп жүк тиелген автокөлік қозғалысы шектеледі; Қарағандыда – Қарағанды телімі – Павлодар облысының шекарасы Қызылорда – Павлодар автожолы; Жезқазған – Қарағанды телімі Қызылорда – Павлодар автожолы; Қарағанды – Ақсу-Аюлы телімі Екатеринбург – Алматы автожолы. Павлодар облысында – Шідерті – Қарағанды телімі Қызылорда – Павлодар автожолы.

Read More
Жаңалықтар 

Қызылордада бір азамат өзін-өзі жарып жіберді

Қызылорда қаласында жарылыс орын алды. Аты жөні белгісіз азамат адам көп шоғырланған аудандағы үйлердің бірінде өзін-өзі жарып жіберген. Бұл туралы мәліметті ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Қалдыбек Абдуллаев мәлім етті. Ұзынқұлаққа сенсек, сыр орталығында бір емес екі жарылысы орын алған. Екінші жарылыс қаладағы үлкен дүкендердің бірінде тіркелген. Мұнда да жанқиғыш өзін өзі жарып жібергенге ұқсайды. Әзірше қандай да бір мәлімет беру ертерек. Бірақ жарылыстың орын алғандығы туралы факт ресіми расталды. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер туралы да ақпараттар белгісіз.  

Read More
Жол инспекторы мен көлік жүргізуші арасында туындайтын сауалдар Жаңалықтар 

Жол инспекторы мен көлік жүргізуші арасында туындайтын сауалдар

Жол инспекциясы қызметкерлерімн бетпе бет жолыққанда туындайтын сауалдарға Tengrinews.kz ақпараттық порталы жауап іздеп көрді. Тілшілер Қазақстанның ІІД Жол полициясы Комитетінің порталына көптеп келіп түсетін сауалдарды негізге алды. Олардың арасында жиі кездесетін сауал «Көлікке еліміздің жалауын ілуге бола ма?» (негізінде жеке автокөліктерге ілуге тиім салынған). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы тек Елбасымыз бен Еліміздің премьер министірі мен парламент депутаттары мінген көлікке ғана ілінуге рұқсат етілген. Жолда кездесетін даулы мәселенің тағы бірі «Бағдаршам алдындағы тоқтау сызығы». Бұл ережені бұзған жүргізушіге бес айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады. Егер бұл сызықтан жүргізуші өтіп кетсе,…

Read More