Жаңалықтар 

95 азамат жұмыспен қамтылады

Болашақтың іргесін бірге қалаймыз. Шымкентте Тәуелсіздік мерейтойына орай, игілікті шара қолға алынды. Бұл қала көлеміндегі жұмыссыз азаматтарды жұмыс орнын ұсынушы өндіріс орындары мен кәсіпорындар жұмысымен таныстыру арқылы тұрақты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аталған шараға 80 жұмыссыз азамат қатысты. Олардың әрқайсы түрлі сала мамандығын меңгерген. Өмірзақ Мелдеханов, Шымкент қаласы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы: 95 бос жұмыс орыны бар. Ал бүгін аталған орындарға азаматтарды қабылдамақпыз. Ал оған үміткерлердің саны өте көп. Мұндай іс-шара алдымен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жасалынып отыр. Сондықтан, алдағы уақытта да өз жалғасын табатынына сеніміміз…

Read More
Спорт 

«Парасаттықтар» қос тойды тойлауда

8 желтоқсаннан бастап М.Сапарбаев атындағы ОҚПИ-ның «Парасат» колледжінде волейболдан жарыс өтуде. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған сайыста сайыпқырандар Мардан Сапарбаев атындағы кубок үшін ептілігін сынап жүр. 9 желтоқсан күнгі ақтық мәреде Шымкенттегі 8 колледж арасынан бәйгесі оза шапқан 3 команда бақ сынауда. Бір-бірінің аймақатарына доп түсіруде жанталасқан сайыпқырандардың ойыны тартысты өтті. Волейболға қазылық еткен әділқазылардың сөзінше, аталмыш колледждің студенттері ешкімге дәс бермейтін түрі бар. Айта өткен жөн, Мардан Сапарбаев атындағы кубок үшін болған жарыс биыл тұңғыш рет ұйымдастырылыпты. Сондай-ақ, волейболшылар бұл ойынды Парасат колледжінің 10 жылдығына да арнапты. Мыңнан аса студенті бар…

Read More
Жаңалықтар 

«Нұр Отан» сайлауға белсенді кірісті

Үміткерлердің есімі белгілі болды. Нұр Отандықтар мәслихатқа өзара кандидаттарды анықтап алды. Алдағы науқанның қыза түсетіні анық. Өйткені, барлық партиялар өз өкілдерін бәйгеге қосып жатыр. Бүгін жетекші партия мүшелері де саяси додада бағын сынайтындарды нақтылап алды. Облыстағы 50 округ бойынша 50 үміткер партиялық тізімге енді. №1 Дулатбек ӘБІШ, Айғақ-Медиа ЖШС-нің бас директоры №2  Ахметов Дәурен, «Тур Ахмет и компания» ЖШС директоры №3 Өмірзақ Мелдеханов, «Нұр Отан»ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы №4 Шәріпбек жамалбек, «Нұр Отан»ХДП ОҚОФ партиялық бақылау комиссиясының төрағасы №5 Абай Көмекбаев, «Шымкентгазмонтаж» ҚМБ АҚ төрағасы №6 Жеңісбек Мәуленқұлов, Облыстық…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте цирк ашылады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Шымкентте 1200 орындық цирк ғимараты ашылады деп күтілуде. Оңтүстікқазақстандық балаларды қуанту үшін «Шымкентқұрылыс» ЖШС-нің құрылысшылары тыным таппай еңбек етуде. Құрылыстың барысын тапсырыс беруші — облыстық құрылыс басқармасы мен мемлекеттік техникалық қадағалау мекемесінің өкілдері бақылауға алған. Нысан аса жауапкершілікті талап етеді. Көрермендердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында күрделі конструкциялы күмбез мұқият жиналған. Жобаның сметалық құны 63 жарым млн. теңге. Құрылыстың екінші кезеңі келер жылы жалғасып, шаруашылық нысандар пайдалануға беріледі.

Read More
Жаңалықтар 

Шымкент қаласының бюджетіне өзгеріс енгізілді

Төртінші шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтті. Онда қала бюджетіне кезекті рет өзгеріс енгізді. Бұл жолы халық қалаулылары Республикалық бюджеттен бөлінген 146 млн. 579 мың теңге нысаналы трансфертті қысқартты. Қомақты қаражаттың қысқартылуын жергілікті басшылар жыл соңына дейін игерілмей қалу қауіпі бар деген мәселемен қалалық мәслихат депутатарына ұсынған. Нәтежесінде, Асар шағын ауданындағы 280 орынға арналған балабақшадан 210 млн. 48 орта мектептің құрылысынан 136 млн. инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытудан 25 млн. теңге қысқартылды. Сонымен қатар, 868 млн. теңге көлеміндегі қаржы жоғарыда тұрған бюджет алдындағы борышын өтеуге және қарыздар бойынша…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстіктің тумасы Бауыржан Нұрымбетов баспаналы болды

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов жас әнші Бауыржан Нұрымбетовке Елордадан пәтердің кілтін табыстады. Бауыржан: «Мен мұндай сыйлыққа өте қатты қуандым». Еңбегінің бағаланып, еленгеніне әнші дән риза. Бауыржан Нұрымбетов алғаш рет өнерге 21 жасында келген. 2005 жылы өткен «Жас қанат » ән байқауында Лауреат атанған. Жақында Бауыржанның орындауында «Асылым ғашығым», «арулар» атты жаңа әндер жарыққа шықты.

Read More