Жаңалықтар 

Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «20 жұлдызды күндер» бағдарламасы аясында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Шымкент қаласындағы Көркемсурет галереясы «Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан» атты облыстық көрме байқауын өткізді. «Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан» тақырыбына арналған көрме байқауының басты мақсаты -халық арасында және өскелең ұрпақтың жүрегінде туған жерге деген сүйіспеншілікті күшейту және жастарға патриоттық және рухани тәрбие беру, бейнелеу өнерінің дарынды балаларын анықтап, олардың шығармашылығына қолдау көресту, сонымен қатар олардың өнерін халық арасында насихаттау. Байқауға қатысушылар Қазақстанда татулықты,олардың мәдение жетістіктерін көрсету,ең бастысы байлығы болып табылатын бейбіт пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты елімізді бейнелеу…

Read More
Жаңалықтар 

Қайрат Нұртастың шығармашылығында жаңалық көп

Желтоқсан айының 15-ші жұлдызы күні әнші Қайрат Нұртас Өзбекстан Республикасында жеке шығармашылық кешін бермек. Көрші елдегі қандастарымыз, Өзбек ағайындыларымыздың сұранысы бойынша Ташкент қаласында концерттік кеш беруді шештік. Қазір Қайрат осы аталған кешке дайындалуға уақыт таппауда. Өйткені күнделікті «Екі жұлдыз», «Сазды әлем» атты тележобаларға қатысып жатыр дейді Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира ханым. Қайрат бұдан бөлек 7-8-желтоқсан күндері Ақтауда, 17-сі Оралда, ал 22- желтоқсан күндері Ақтөбеде концерттік кеш бермек. Содан кейін жаңа жылға қарсы әнші Араб Әмірлігіне барып демалып қайтпақ. Тағы бір айта кетерлігі әнші уақытының тапшылығына қарамастан, жаңа әндерді жазып…

Read More
Жаңалықтар 

Ахмет Жұбановтың 105 жылдығы Шымкентте тойланды

Биыл қазақ музыкасын зерттеуші ғалым, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың туылғанына 105 жылдығы. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музыка бөлімін, қазақтың халық аспаптары оркестрі және ғылыми-зерттеу жүмыстарымен қоса ұйымдастырушылық жолында атқарған іргелі істері қазақ музыкасының тарихын жасауда көп үлес қосқан. Композитордың 105 жылдығына арналған кеш Шымкенттегі Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында өтті. Жамал Омарова атындағы №1 саз мектебінің өнерпаздары Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлерін орындап, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Бала кезінен музыкаға бейім болған А. Жұбановтың жеткен жетістігі мен сіңірген еңбегі орасан зор. Ол халық күйлерін, әсіресе…

Read More
Жаңалықтар 

Биыл ОҚО дамуына 197,7 млрд. теңге құйылған

Тәуелсіздіктің 20 жылында Оңтүстік Қазақстан облысындағы ішкі жалпы өнім көлемі 163 есеге өскен. Яғни, рекордтық көрсеткішке жетіп — 1 триллион 205 миллиард теңгені құраған. Экономика саласындағы өндіріс секторындағы өнім көлемі 1991 жылы 14,8 миллион теңгені құраса, 2010 жылы 316,4 миллиард теңгеге жеткен. 2011 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша, 293,4 теңгенің өнімі өндірілген, яғни өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10,9 пайызға артық. Ондағы өндірістің үлесі 26 пайыздан артық. «Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, біздің облыстағы инвестиция көлемі өсіп отыр. Осы жылдың соңғы 10 айында ОҚО дамуына 197,7 млрд. теңге құйылған»,- дейді ОҚО…

Read More
Оқыс оқиға 

Тараздағы терактіні ұйымдастырғандар қолға түсті

Елді дүрліктірген қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс ашылып, терактіні ұйымдастырған 6 адам қолға түсті. Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында 1977 жылы туған, Кәриев Мақсат деген лаңкес құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқ жаудырып, 5 қызметкердің және 2 бейбіт тұрғынның өмірін қиып, 3 полиция қызметкеріне оқ тиіп, жарақат алған-ды. Ал Кәриев өзін-өзі жарып жіберген болатын. Бұл жайында өткен Бас прокуратурадағы брифингте айтылды. НҰРДӘУЛЕТ СҮЙІНДІКОВ, ҚР БП РЕСМИ ӨКІЛІ: «Қазіргі таңда осы қылмыстарды ұйымдастыруға қатысы бар деген күдік бойынша 6 адам, оның ішінде ағымдағы жылдың басында құрылған және құрамына…

Read More
Жаңалықтар 

Жаңа жол пайдаланбай жатып жарамсыз болып шықты

Шымкенттегі Өтегенов көшесінің құрылысы ұзаққа созылды. Жоспар бойынша ол 2009 жылдың соңында пайдалануға берілуі тиіс болатын. Бүгінде тегіс жерінен ойылған шұқырлары басым жолды мердігерлер келесі 2012 жылдың алғашқы жарты жылдығында аяқтаймыз дейді. Ұзындығы 4 шақырымға жуық Өтегенов көшесімен жүрдім дегенше құрыдым де. Бұл көшемен көлік түгілі жаяу адам сүрінбей жүре алмайды. Десек те, амалы құрыған тұрғындар да, көліктер де қатынауға мәжбір. Көше салуды жоспарлаған жергілікті басшылар құрылыс аяқталғанша көпшіліктің жүріп тұруына балама жол қарамстырмаған. Жол құрылысы тап осылай сағызша созылады деп ойламаған шығар. Есесіне артта бақандай үш жыл қалды, ал…

Read More