Жаңалықтар Халық жаңалығы 

«Тәуелсіздік тарихының таңдамалылары» фотокөрмесі (PR)

Соңғы 20 жылда түсірілген 200-ден астам фототілшілердің ең үздік фотосуреттері. Әр уақытта, қоғамның әртүрлі саласынан көрініс бұл түсірілімдерде егемен елдің ен тарихы баяндалған. Бұл игі іс-шараны ұйымдастырушы «RBK BANK» АҚ. Егемендік жылдарындағы естеліктерді жас ұрпақтың есінде ерек етіп көрсету. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы елдің қоғамдық және рухани өміріндегі айтулы оқиғаларды мақсат тұтқан «РБК БАНК» АҚ фотокөрме ұйымдастырды. Талғат Тойшиев, «РБК Банк» АҚ ШФ директоры: «Біздің банк бизнестің әлеуметтік қолдау жұмыстарын белсенді түрде атқарып келеді. Тәуелсіздіктің 20 жылын айқындай алғын озық фотолар тарих шежіресі деп білемін». 20 жылдағы жас тәуелсіз мемлекеттің әрбір…

Read More
Жаңалықтар 

ОҚО телекоммуникациялар дирекциясы ұжымының жетістіктері

Салтанатты жиында ОҚО телекоммуникациялар дирекциясы ұжымының соңғы 20 жылда жеткен жетістіктері айтылды. Жылдан-жылға қызметтің сапасы артып, аясы кеңеюде. Жылдың басынан ОҚО 20426 абонентке телефон орнатылды. Бүгінгі күні филиал 309,4 мыңға жуық тіркелген желіге қызмет көрсетуде. Нұрлы БЕКТҰРСЫНОВ, «Қазақтелеком» АҚ ОҚО телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры: «Интернет желісіне телефондандырылған мектептерді қосу мемлекеттік бағдарламасы орындалуда. Оңтүстік Қазақстанда барлығы 1022 мектеп телефондандырылды.617 мектеп кеңжолақты интернетті, оның ішінде 60 мектеп кең жолақты интернетті ЕV DO технологиясы арқылы пайдалануда». Шымкентте мәлімет таратудың заманауи жолы-5520 портқа оптикалық талшықты FTTH желісінің құрылысы жүргізілуде. Оның нәтижесінде ID Net қызметін…

Read More
Жаңалықтар 

«Қазпошта» үздік бастығын таңдады

«Қазпошта» байланыс торабы өз қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдап алды. Қалалық пошта байланыс бөлімшілерінің бастықтары арасында ұйымдастырылған «Білікті басшы» байқауында он қызметкер бақ сынасты. Олар «басшының бір күн » шартынан бастап, 4 түрлі сынақтан өтті. Әсіресе, «Пошта жаңалығы» сайысы әділ-қазылардың көңілінен шықса, үміткерлер «Үй тапсырмасы» байқауына барын салып дайындалыпты. Мұнда хат пен хабар таратып жүрген қызметкерлердің өзге саладан да біліктілігін байқауға болады. Жарыс соңында жеңіске жеткен Қадиша Балымбетова бас жүлдені жеңіп алып, «Білікті басшы» атанып, республикалық сынға жолдама алды. Ал №19 пошта байланыс бөлімінің бастығы Зейнеп Оспанова 1-орын алса, №20 бөлімнің…

Read More
Жаңалықтар 

1-желтоқсан күні ресми мейрам болып тіркелді

Елбасымыз Қазақстан Республикасының мерекелік күндеріне қосымша жаңа мерекені атап өту туралы заңына қол қойды. Бұл мемлекеттік мереке Алғашқы Президенттің сайланған күні. Енді ол 1- желтоқсан күндері аталып өтетін болады.

Read More
Жаңалықтар 

Маятаста су мәселесі шешілді

Тәуелсіздіктің 20 жылдық тойы қарсаңында ОҚО Төлеби ауданы Маятас ауылының тұрғындарында үлкен қуаныш. Өйткені жергілікті халық таза ауыз суға қол жеткізді. Жаңа су құбырының жүргізілуінің арқасында 520 отбасы күндіз-түні судан тапшылық көрмейтін болды. Бұдан алдын тек сағаттап қана су алып жүрген үш жарым мың халық енді суды тәулік бойына пайдалана алады. Өйткені жергілікті басшылық жаңа су құбырын іске қосты. Маятас тұрғындары үшін су проблемасы артта қалды. Енді олар су алу үшін ұзын сонар кезекте тұрмайды. Өйткені 520 отбасына су күндіз түні берілетін болды. Жаңа су құбырының ұзындығы 39 шақырым. Оның…

Read More
Жаңалықтар 

Жасанды кедергінің қызметі ұзаққа созылмады

Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылының бойына қойылған жасанды кедергінің қызметі ұзаққа созылмады. Бүгін таңертең қала әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің мамандары кедергіні алып тастады. Мамандардың мәлімдеуінше, үш жолақтағы жолға жасанды кедергі қойылмайды екен. ОҚО жол полиция қызыметкерлерінің мәлімдеуінше, мұнда жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнатылуы тиіс. Тек бюджеттегі қаржы тапшылығынан мерзім созылып отыр. Енді СМЭУ Астана ЖШС өз есебінен несие ретінде  сол бағдаршамды орнататын  болады.

Read More