Жаңалықтар 

Уланған 95 азамат дәрігер көмегіне жүгінді

Желтоқсан айынан бері токсикология орталығына 95 адам көмекке жүгінген. Дәрігерлердің мәлімдегеніндей олардың барлығы маманның  медициналық қарауында. Ауыр халде уланғандар тілкелмеген. Орталыққа келгендердің көпшілігі жасы 45-50 –лердегі  жеке сектордың тұрғындары. Дәрігер мамандар, суық күндері көмірқышқыл газына уланғандардың саны артатынын жасырмайды. Сондықтан, халықты сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.

Read More
Жаңалықтар 

Еуро құлдырап барады

Еуроны сақтап қалуы үшін еуропалық көшбасшылардың бір апта ғана уақыты бар. Өйткені, жаңа жылға дейін аталмыш валюта түрі қолданыстан мүлдем жоғалуы мүмкін. Бұл әлемдегі екінші ғаламдық дағдарысқа байланысты орын алып отырған жағдай. Бұл ретте ұлттық банктің облыстағы филиалы аталмыш валютаны өткізуде өзгерістердің барын айтады. Мамандар 2 айдың ішінде еуроны сатып алушылардың екі есеге дейін азайғанын байқаған. Бірақ, алдын ала болжам жасауға болмайды дейді олар. Өйткені, Еуроның бүгінгі тағдыры жайлы әлемдік сарапшылардың өзі пікір білдіре алмауда. Валютаны бақылаушылар Еуроның жоғарғы курсын осы жылдың сәуірінде — 210 теңге, 32 тиын, ал ең…

Read More
Оқыс оқиға 

Үсіген қаңғыбастар аяғынан айрылып жатыр

Қыс аязы қысқалы бері облыстық ауруханаға үсік шалған сегіз адам түсіпті. Барлығы да үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастар. Барар жері жоқ азаматтар көшеде түнеймін деп үсіп қалған. Қазір дәрігерлер басым көпшілігінің аяғын кесіп тастаған. Сондағы науқастың бірі Марат РАМАЗАНОВ алғашқы қардың қатты әбіржіткенін айтады. Аяқ киімі жұқа кісіге суық оңай өткен. Оның жансызданған жарамсыз башпайларын дәрігерлер кесіп тастады. Облыстық ауруханада үсік шалғандармен бірге, күйіп қалғандар да жатыр. Мұндағылардың барлығы 3-4 дәрежедегі үсігендер. 20 төсек орынға арналған бөлімге науқастар симауда. Мұнда да электр жарығы жиі өшіп жатыр.  Дәрігерлердің дегбірі қашқан. Мекеме қызметкерлерінің түсіндіруінше, үсік…

Read More
Жаңалықтар 

Тәуелсіздік мерейтойындағы шаттық

Шымкент  «Мега орталығы» Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық торқалы тойында қала тұрғындарына тарту жасады. Еліміздің маңызды мейрамы мұнда ерекше атап өтілді. Тәуелсіздік тойын бауырсақ жеп, түрлі сынақтардан өтіп тойлауға кез-келгеннің мүмкіндігі болды. Шымкенттегі «Мега орталықта» ән бимен әрленген ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Алғашқы өткізілген байқаудың бірі- мерекелік викторина болды. Сұраққа жауап беріп, сыйлық алған, бақ сынаймын дегендердің қатары да көп. Өз тілегіңді білдіріп, әрі сыйлық ұтып ал! Осындай ұранмен «Корона» макарон фабрикасы байқау өткізді. Құттықтау сөздері жазылып, тілектер арнайы барабанға салынды. Перизат Әуелқұлова ақшалай сыйақы алған бақытты тұрғынның бірі. Перизат Әуелқұлова, қала тұрғыны: «Тәуелсіздігіміз…

Read More
Жаңалықтар 

Мереке алғаш рет Тәуелсіздік саябағында тойланды

Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы оңтүстік өңірінде де жастардың қатысуымен тойланды. Мереке жаңадан салынған Тәуелсіздік саябағында қалалықтардың басын қосты. Көпшілікке ерекше көңіл- күй сыйлап, әнмен әрлегендер облыстық балалар және жасөсіпірмдер орталығы мен бірнеше балалар саз мектебінің өнерпаздары. Бірінен соң бірі сахнаға шыққандар ауа райының суықтығына қарамастан барынша мерекенің көңілді өтуіне ат салысты. Саябақтың әсемдігі мен торқалы тойды тамашалауға келгендердің дені жастар және немересін ерткен әжелер мен бала-шағасын көтерген ата-аналар. Мереке ертеңінен кешкі 8-ге дейін жалғасты. Тұрғындарды кешкісін әсіресе облыстық әзіл-сықақ театрындағы «Бірқақпай» тобының өнерпаздары өнерлерімен тәнті етті….

Read More
Жаңалықтар 

Қазақстанның ең үздік мектебі Шымкентте

Шымкент қаласындағы №8 мектеп гимназиясы Қазақстанның ең үздік мектебі атағын алды. Бұл жетістікке білім ордасы Республикалық «Білім ұясы» байқауында жетті. Әр жылдары түсірілген мектеп түлектерінің сарғайған суреттері мен мақтау қағаздарының қатарына тағы Қазақстанның ең мықты мектебі атағы қосылды. Бұл мектеп мұрағатын толықтырған тағы бір сый болып отыр. Мен бұл білім ордасына 32 жыл бұрын ағылшын пәнінің мұғалімі болып келдім-дейді Ғалия Садырбаева. Маған өте жақсы сыныпты берді. Біздегі балалар өте ақылды. Сондықтан болар барлық байқаулардан қашанда жүлделі орынмен қайтамыз. Ең мықты үштіктер қатарына енуде оқушылардыңда қосқан зор үлесі бар. Өйткені, бұл…

Read More