Қайрат нұртас

Желтоқсан айының 15-ші жұлдызы күні әнші Қайрат Нұртас Өзбекстан Республикасында жеке шығармашылық кешін бермек.

Көрші елдегі қандастарымыз, Өзбек ағайындыларымыздың сұранысы бойынша Ташкент қаласында концерттік кеш беруді шештік. Қазір Қайрат осы аталған кешке дайындалуға уақыт таппауда. Өйткені күнделікті «Екі жұлдыз», «Сазды әлем» атты тележобаларға қатысып жатыр дейді Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира ханым.

Қайрат бұдан бөлек 7-8-желтоқсан күндері Ақтауда, 17-сі Оралда, ал 22- желтоқсан күндері Ақтөбеде концерттік кеш бермек. Содан кейін жаңа жылға қарсы әнші Араб Әмірлігіне барып демалып қайтпақ.

Тағы бір айта кетерлігі әнші уақытының тапшылығына қарамастан, жаңа әндерді жазып өз тындармандарын қуантуда.