Елімізде келер жылдың қаңтар айынан бастап зейнатақы мөлшері 9 пайызға өседі. Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов 20-желтоқсан күні қол қойған қаулы баспасөзде ресми түрде жария етілді.
Оған қоса, жәрдемақылар көлемі де ұлғаяды. Айта кетсек, былтыр зейнетақы төлемдері 25 пайызға өссе,осы жылы 20 пайызға көтерілген болатын.
Ал биылғы 9 пайызға өсім туралы қаулы 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.