Қазақстанның ең қауіпті жолдары

361
жолдан абай болыңыз

Алматы және Оңтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарының республикалық маңызы бар тас жолдары еліміздегі ең қауіпті жолдар санатында.

Алматы облысының халықаралық және республикалық маңызы жолдарында биылдың өзінде 643 жол апаты тіркелген, яғни 310 азамат мерт болып, 717 жолаушы жараланған. Солардың бірі ретінде Алматы-Қапшағай тас жолын айтуға болады. Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың 7-тамызында Алматы-Үржар бағытындағы автобуспен «Ниссан» автокөлігі соқтысып, екі жүргізуші мен екі жолаушы қайтыс болып, қалғандары әр түрлі сынықтармен жараланған болатын.

Сол тас жолдың Оңтүстік Қазақстан аумағынан өтетін тұсында 2011 жылы 235 жол апаты тіркелген. Оның 127 адамы көз жұмса, 355-і жарақаттанған болатын. Мысалы ретінде, 12-шілде күні Екпінді-Шаян тас жолындағы жол апатын айтуға болады, нәтижесінде төрт адам оқиға орнында қаза болған. Осылайша оңтүстік ең қауіпті жол сатындағы екінші орынды межелеп тұр.

Ал үшінші орында Қарағандыны жолдары. Мұнда 186 жол апаты орын алып, 95 азамат көз жұмса, 262-сі жараланған. Мұндағы ең сұмдық оқиға 1-тамыз күні тіркелген. Қарсы бетке шығып кеткен «Ауди-А6» автокөлігімен «КамАз» соқтығысып, нәтижесінде жүргізушілерімен жолаушылар өртеніп қайтыс болған.

Ал Ақмола облысының тасжолдарында биылғы жылы 179 жол апаты тіркелсе, нәтижесінде 75 адам қаза болып, 270-і ауруханаға жеткізілген. Шығыс Қазақстанда 173 жол апаты болған. Одан 79 адам мерт болып, 249 жедел жәрдем көмегіне жүгінген.

Ал республикалық маңызы бар жолдың торабындағы Жамбыл облысында 151 жол апаты тіркеліп, 122 адам қаза болып, 173-іне медециналық көмек көрсетілген.