Облыстық, қалалық, аудандық окургтық, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары семинарда жергілікті мәслихаттар депутаттығына үміткерлерді тіркеу, олардың үгіт-насихат жұмыстарының заң шеңберінде өтуін қадағалауға қатысты кеңестер алды.
Облыс бойынша бүгін 700-дей үміткер тіркелген. Бас қосуда бұдан алдынғы саяси науқанды өткізуде белсенділік танытқандардың еңбегі елеусіз қалмады. Олар мерекелік медаль мен орталық , облыстық сайлау комиссиясының алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапатталған Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сапарәлі Селтанов аудандағы 1012 учаскелік, 24 округтық, 6 облыстық сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіру оңай шаруа емес,-дейді .
Қазір тіркелген 87 үміткердің құжаттары мұқият тексерілуде. 14-ші желтоқсанда сағат 24 00-де үміткерлерді тіркеу жұмыстары тоқтатылады. Ал 21-нен олар сайлау алды үгіт- насихат жұмыстарына кіріседі. Саяси іс-шараның әділ заң аясында өтетініне комиссия мүшелері кәміл сенеді.