Әкім Ысқақ жас оқырмандармен кездесті

Әкім Ысқаққа айтылып жатқан мақтаулар

Шымкент қаласындағы Мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы колледждің студенттері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын-жазушы, еліміздің мәдениет қайраткері Әкім Ысқақпен кездесу өткізді. Бұл кездесудің мақсаты өскелең ұрпаққа ұлы тұлғалардың шығармашылығымен етене таныстырып, олармен сұқбаттасуға үлкен мүмкіндік беру.

Бүгінгі кездесу маған қатты ұнады. Өйткені бүгінгі кездесуден мен әдебиетті жаны құмартатын жастардың барын айқын анғардым. Бәріде белсенді. Ең бастысы олар шығарма оқуға уақыт табады екен. Менің барлық өлеңдерімді жатқа білетіндері қуантып қойды. Барлық Қазақстанның тұрғындарын ел Тәуелсіздігімен шын жүректен құттықтаймын. Деніміз сау, еліміз тыныш,  аман болайық деді өз сөзінде Әкім Ысқақ.

Әкім Ысқақтың бүгінде «Қарлығаш», «Адам іздеп жүрмін», «Ордабасы», «Адамгершілік әліппесі», «Гүл қауызындағы тамшы» сынды топтамалары бар. Ақын мұнымен тоқтап қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Ал жақында бұрындары түрлі басылымдарда жарияланған және кейбірі жарияланбаған осынау тілге жеңіл, өрнегі әрлі жастық шақ жырлары нәзік иірімдермен бейнеленген сезімнің сыршыл әлеміне жетелейтін «махаббат хаттары» атты жыр жинағы жарыққа шықты.