Заттыбек Көпбосынұлы

«Шалқар» термешілер байқауының лауреаты, әнші композитор Заттыбек Көпбосынұлы жаңа жыл мерекесін туған ауылында қарсы алмақ.

31-желтоқсан күніне дейін барлық концерттік кештерге қатысамын. Ал сағат тілі 12:00 -де отбасыммен бірге туған туысқандардың ортасында болғанды жөн санадым дейді әнші Заттыбек.

Заттыбек Көпбосынұлы жаңа жыл мерекесіне орай, тұрақты тыңдармандарына арнап жаңа «Мен сені аялайын» атты ән жаздырды. Жаңа әннің авторы-эстрадамыздың белгілі әншісі Тоқтар Серіков.

Әнші Заттыбектің өз тындармандарына жеткізер тағы бір жаңалығы. Жақында ғана «Ауылға кеткім келіп тұрады» атты әніне түсірілген бейне клип дайын болып бірер күнде көрермен назарына ұсынылмақ.