Қазығұрттық бүлдіршіндерге балабақша ашылды

170

ОҚО Қазығұрт ауыл округіне қарасты Болашақ шағынауданында балабақша ашылды. Құрылысы өткен жылы басталған нысанға республикалық қазынадан 388,5 млн. теңге бөлінген. Қаралған қаражатты өз қажеттігіне жаратып, халық игіліне пайдалануға дер кезінде өткізген «Берен» құрылыс компаниясы.

Бұл күнде 280 балдырғанды тәрбиелеп отырған бөбекжайға облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы барды.

Ауыл ажарын ашып қана қоймай, көпбалалы ата-аналардың сұранысын қанағаттандырып отырған балабақшаның ашылуына ауыл тұрғындары өте қуанышты.

Зина Тастанбекова, ауыл тұрғыны: «Біз бұл балабақшаны көп күттік. Өйткені аудан орталығындағы бөбекжайда орын жоқ. Құдай қолдап, Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында бізде де бір бөбекжай ашылды. Қуаныштымыз, енді балаларымыз заманауи бақшаға баратын болды. ел ағаларына мың алғыс»