2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңының күшіне енуіне байланысты, ақша аударым және төлемдерді жүзеге асыру барысында, сонымен қатар міндетті зейнеткерлік жарналарды аудару және әлеуметтік қаржыларды бөліп шығару, салықтық міндеттерді орындау кезінде, жекеленген банктік операциялар түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және банктерде банктік есеп-шоттарды ашу және жүргізуде сәйкестендіру нөмірі қолданылатын болады.
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сәйкестендіру нөмірін ескеруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірінің құрылымына сай дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
Тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыру барысында кедендік төлемдер және салықтарды уақтылы жүргізу үшін барылқ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі болуы міндетті.