Болашақтың іргесін бірге қалаймыз. Шымкентте Тәуелсіздік мерейтойына орай, игілікті шара қолға алынды. Бұл қала көлеміндегі жұмыссыз азаматтарды жұмыс орнын ұсынушы өндіріс орындары мен кәсіпорындар жұмысымен таныстыру арқылы тұрақты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Аталған шараға 80 жұмыссыз азамат қатысты. Олардың әрқайсы түрлі сала мамандығын меңгерген.
Өмірзақ Мелдеханов, Шымкент қаласы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы:
95 бос жұмыс орыны бар. Ал бүгін аталған орындарға азаматтарды қабылдамақпыз. Ал оған үміткерлердің саны өте көп. Мұндай іс-шара алдымен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жасалынып отыр. Сондықтан, алдағы уақытта да өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.