Абайлаңыз, аяз

440
перевал жабық

19-21 желтоқсан күндері түнде Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде -30 градусқа дейін күшті аяз түседі деп күтілуде.

Өңірімізде аяздың алғашқы нышандары басталды.  Бүгін түнде  облысымызға  қарасты «Шаян-Қазата-Ағыбет» автожолында 30 көлік қар құрсауында қалып қойды.

ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жолда қалып қойған 40 жолаушы мен жүргізушіні Шаян және Қазата ауылдарына жеткізіп, уақытша тұрғын жаймен, ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ,   түнгі сағат 2-50-де «Шаян-Алғабас-Шолаққорған» автожолында 50 жолаушысы бар «Икарус» автобусы бұзылып, жолда қалды. ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 50 жолаушы мен автобус жүргізушісін Алғабас ауылына жеткізіп салды.

Абайлаңыз, аяз басталды. Сондықтан сақтық шараларын сақтап, осы күндері ұзақ жолға  және тауға шығуға болмайтындығын тағы ескертеміз.