Адал еңбек еткен қызметкер марапатталды

416

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мерекелік шаралар жалғасуда. Бұл жолы игі бастаманың тізгінін Еңбекші ауданының әкімдігі алды. Іс шара барысында ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар баяндалып, оның қорытындысы бойынша ауданның өркендеуіне үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Мерекелік медальмен марапатталған Александр Малахов- аудандағы коммуналдық шаруашылық жағдайына жауапты маман. 198 мыңнан астам тұрғыны бар 12-ден астам шағын аудандағы ирригациялық жүйелерді ретке келтіруді және инженерлік коммуникацияларды тарту ісін үйлестіру оңай шаруа емес. Алайда, өз ісін жетік меңгерген Александр Александрович үшін кез-келген мәселенің түйіні табылады.

Александр Малахов, Еңбекші аудандық әкімдігінің халықпен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы: «Ауданда Нұртас, Тассай, Шапағат, Қара жол сияқты жаңа шағынаудандар пайда болды. Оларға орталықтан су құбырын жүргізу жұмыстары қолға алынған. Тұрғындардың өз аулаларының тазалығын қамтамассыз етуге белсенділік танытуы керек. Біреу келіп көркейтеді деген ұғымнан арылу қажет.

Марапатталған аудандағы №41 балабақшаның меңгерушісі Александр Малахов үшін өте қуанышты. Өйткені шағымдарымыз бойынша коммуналдық сала мамандарының дер кезінде шара көруінен балалардың жылы жерде тәрбие алуына жағдай жасады. Сондықтан да Алкесандр Сергеевичтің еңбегі зая кетпей, марапатталуын лайықты деп есептеймін дейді Сәуле Тұяқбаева.

Сауле Тұяқбаева, №41 бала бақшасының меңгерушісі: «Сан Санычты марапаттағанда қуанышымызды жасыра алмадық. Ол туындаған күрделіктерді сол заматта шешіп береді. Адал еңбегі үшін бүгін жоғары марапатқа ие болды, біз шын жүректен құттықтаймыз.»

Мерекелік іс-шараның демеушісі «Петро Казахстан Ойл Продакс» ЖШС болды. Аула бағдарламасы аясында биыл «Теріскей», «Күншығыс», «Сайрам» шағынаудандарында аулалар мен алаңшалар көріктендіріліп, ішкі орам жолдар жөнделді. 2009-2011 жылдарға арналған аулаларды дамыту бағдарламасы бойынша көшелерді тазалау жұмыстары да жалғасын табады.