Қазақстанда 10-желтоқсанда биылғы жылы екінші рет қайталанып отырған керемет табиғи құбылыс — айдың тұтылуын тамашалай алады. Бұл туралы В.Фесенков атындағы Астрофизика институтының Ай мен ғаламшар физикасы зертханасының жетекшісі, профессор Виктор Тейфель мәлімдеді.
Саны жағынан — бұл биылғы жылдағы екінші тұтылу, алайда алдағы бес жылда мұндай құбылыс біздің республикамыздың тұрғындары үшін қайталанбайды. Астана уақыты бойынша 18.30 шамасында ғана ай шарасының сәл көмескіленгенін байқауға болады. Ал сағат 18.45-те ай табағының шығыс бетіне жер көлеңкесі түсе бастайды», — деп түсіндірді профессор.
Сағат 20.06-ден кейін Ай толықтай жердің көлеңкесіне енеді. Толық фазаның ұзақтығы сәл қысқалау. Сағат 20.57-де Ай көлеңкеден шығуын бастап, 22 с.18 мин-да толықтай өз қалпына келеді.