Жаңалықтар 

Алған тауарыңызға чек талап етіңіз

шараға 1 мен 11 сынып аралығындағы оқушылар қатысты

«Чек талап ет-Патриот бол» акциясы республика деңгейінде өтіп жатқан іс шара. Әзірге акцияның бірінші кезеңі аудан көлемінде аяқталды. Оған ОҚО

Төлеби өңіріндегі барлық мектептер атсалысты. Оқушылар сатып алған тауарлары үшін берілуге тиіс чекті кәсіпкерлерден талап етіп, оны жинаудан жарысқан. Сөйтіп, ең көп бақылау касса құрылғысының чегін жинағандар мадақталды.

Негізі аталған акцияға тек шәкірттер ғана емес сонымен қатар кез келген азамат қатыса алады. Бірақ, әзірге ауқымды шараға ауыл және аудан мектептерінің 1 және 11 сынып аралығындағы оқушылар ғана қатысып, белсенділік танытып отыр. Ең көп чек жинап жүлделі болған сынып, енді, облыс деңгейіндегі жарыстарда содан кейін республикалық байқауда бақ сынайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акцияның мектеп оқушыларына берері көп. Бұл өз кезегінде салықтық сауаттылықты арттырып, көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға жол ашады екен.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz