Жаңа жыл мерекесінде сыйға тартылатын заттардың көбін тәтті кәмпиттер құрайтыны белгілі. Әсіресе бұл «байлықтан» үйдегі балаларымыз құр қалмайды. Бір емес, бірнешеуін, тіпті келілеп жеуі де мүмкін. Сіз дастарханның қамымен жүргеніңізде тәттіге «сылқия» тойып алған бүлдіршін тағамдық аллергияға немесе улануға ұшырауы мүмкін. Сондықтан, тәттілерді дастарханға алдын ала қоймаңыз немесе олардың қолы жетпейтін жыраққа қойсаңыз, қауіптің алдын аласыз. Дегенмен де, назарыңызға балалардың тәттіден туатын аллергиясының алдын алу мен күресу жолдарын ұсынып отырмыз.
Кәмпиттің барлығы тәтті болғанымен, олардың құрамындағы тағамдық қоспалар біраз ауруды тудырушы екендігін үнемі есіңізде сақтаңыз. Арнайы балалар үшін жасалатын кәмпиттер бар. Таза какао ұнтағы мен сүтқұрамдас тәттілерді алуға тырысыңыз. Ал аты дардай кәмпиттердің құрамында тіпті ересек адамның денсаулығына ақау салатын қоспалар болады. Жарайды, бұл бөлек әңгіме. Баланың іш-құрылысына жағымсыз әсер ететін дємдеуіштерге қайта оралсақ. Карамельді кампиттердің құрамындағы түрлі сироптар мен бояғыштар ауыз қуысының шырышты қабатын ойып жіберуі мүмкін. Ал шоколадттардың құрамындағы спирттік қоспалар, ағзаға шектен тыс түскеннен теріде бөртпе пайда болып, тыныс жолдарының ісінуі мүмкін.
Балаға мүлдем тәтті бермей қоюға да болмайды. Дегенмен мөлшермен беріп, олардың сапасы мен құрамына назар аударыңыз. Мєселен, қораптағы шоколадтты кәмпиттердің құрамында міндетті түрде спиртті қоспалар мен жасанды какао кездеседі. Сондықтан, оны тек ересектердің жегені дұрыс. Ал бүлдіршіндер үшін карамельді-вафелді немесе сүтті шоколадттарды беріңіздер. Оларды таңдау үшін көп сарылудың қажеті жоқ. Дүкен сөрелерінде түрлі-түрлісі самсап тұр.
Тәттіден жасалған сыйдың сапасы мен шыққан мерзіміне мұқият болыңыз. Себебі көп кондитерлік фабрикалар жыл бойына сатылмай қалған «ескі» кәмпиттерді мерекелік сыйлық қорапшаларына салып, сатып жіберетін әдістерді жасайды. Сондықтан, тәтті аларда мұқияттылық танытқаныңыз абзал. Қорапқа, єсемделуіне, оның салмағына мән беріңіз. Фабрикадан жаңа шыққан кәмпиттердің салмағы жеңіл келеді. Ал тұрып қалған кәмпиттердің салмағы ауырлап, қатып қалады.
Егер балаңыз кәмпиттен аллергия алып, мазасызданып, құсып, өзін нашар сезініп, жыласа,сіз сабырлы болыңыз. Ондай жағдайда бірден екі литр қайнаған, бірақ суытылған суға марганец ұнтағының (марганцовка) аз мөлшерін салып, қайта-қайта ішкізіп құстырыңыз. Жедел жәрдем шақыртып, жағдайын бақылап тұрыңыз. Себебі, кей жағдайларда бала есінен танып қалады. Сонымен қатар, үй дәріханасында арнайы балаларға арналған «диазолин» таблеткалары болуы тиіс. Бұл тері қабатында бөртпелер пайда болғанда кеңес етілетін дәрі. Аллергиялық реакцияны бєсеңдетуге ықпал ететін препаратты нұсқаулық парақшасына сай уақытпен беріңіз. Егер баланың ахуалы ауыр болатын болса, міндетті түрде дәрігерге барыңыздар.