Түркістан қаласына қарасты 11 ауылдық окургте орналасқан 41 елді мекенде су мәселесі жылдан жылға шешімін тауып, тұтынушылардың жағдайы жақсарып келеді. Тек бірер елді мекендер ғана ұңғы сумен, ашық су көздерін пайдаланады. Елбасының «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында апта ағымында тағы үш ауылға таза ауыз су берілді.
Түркістан өңіріндегі елдімекендердің бүгінде 10-ы ғана құбыр сумен қамтамассыз етілген. Қалған 31 бі табиғи су көздерін пайдаланады екен. Осы мәселелерді түбегейлі шешу үшін 2011 жылы ауыз су құбыры құрлысына 2 млрд. 564 млн. 626 мың теңге бөлініпті. Бұл қаражат 18 ауылдың су мәселесін ұмыттыруға жеткілікті екен.
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жыл соңында тағы үш ауыл таза ауыз сумен қамтамассыз етілді. Достық, Қожанов Үш қайық ауылдарында Кеңестің кезең құлағалы құбыр су болмаған. Енді соңғы технологиялармен жабдықталған құбыр су құрылғылары аталған ауылдарды 24 тәулік бойы таза ауыз сумен қамтамассыз етеді.
Жалпы 2009-2011 жылдары тек ауыз су саласына 33 млрдтан астам қаржы бөлініп, 170 елді мекен құбыр сумен қамтамассыз етіліпті. Сөйтіп 753 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізді. Оның үстіне биыл облыс әкімінің тікелей ұсынысымен «Ауыз су» жылы болып жарияланып, облыстың 11 елді мекенінде ауыз су құрлысы жүргізілді. Енді бұйыртса 2012 жылы Түркістанға қарасты тағы 14 ауылдың су мәселесі шешілмек. Ол үшін қазынадан 3 млрд. 511 млн. 296 мың теңге қаралыпты.