Биыл қазақ музыкасын зерттеуші ғалым, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Жұбановтың туылғанына 105 жылдығы. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының музыка бөлімін, қазақтың халық аспаптары оркестрі және ғылыми-зерттеу жүмыстарымен қоса ұйымдастырушылық жолында атқарған іргелі істері қазақ музыкасының тарихын жасауда көп үлес қосқан.
Композитордың 105 жылдығына арналған кеш Шымкенттегі Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында өтті. Жамал Омарова атындағы №1 саз мектебінің өнерпаздары Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлерін орындап, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Бала кезінен музыкаға бейім болған А. Жұбановтың жеткен жетістігі мен сіңірген еңбегі орасан зор. Ол халық күйлерін, әсіресе Дәулеткерей мен Құрманғазының, Тәттімбет пен Қазанғаптың күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірген. Ғылыми-зерттеу еңбектер жазған. Іс-шара барысында өнерпаздар солардың бірі «Адай» күйін күмбірлетіп орындап, мектеп оқушыларына шашу етті.
Композитордың еңбегі ел есінде болсын деген ниетпен өткен шараның мақсаты да осы. Ал ұстаздар қауымы музыка арқылы оқушылар дұрыс талғам мен өмірге деген көзқараса қалыптастырады дейді. Сондай-ақ оның шығармашылығын насихаттау үшін білім мекемелерінде, кітапханаларда мүндай шараны жиі өткізіп тұру керектігін баса айтты.
Кітапхана директоры осындай шараны өткізуге ұйтқы болған саз мектебінің директор орынбасарына алғыс білдіріп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.