Азық-түлікті арзан бағада сатып алуға болады

246

Күнделікті тұтынатын тауарларға бағаларды тұрақтандыру бағытында қала базарларында нақты шаралар қабылдануда. Ет павильонының кіре берісінде әлеуметтік бағамен сиыр еті сатылуда. Бұл бағаны тұрақтандыруға бағытталған шара.

Шәкірбай Ибраев, базар басшысының орынбасары: «Бағаларды тұрақтандыру аясында «Максимум» аумақтық инвестициялық орталығының қолға алған шаралары барысында бүгінде сиыр еттің келісі 965 теңгеде, картоп 50, пияз 35 теңгеден сатылуда».

Жаңа жылдық дастарханға тұрғындар еттен бастап түрлі салаттар қояды. Оны әзірлеуге көкөніс-картоп, пияз, қияр, қызанақ пайдаланылады. Қалтаң көтерсе, кептірілген өрік-мейіз, тіл үйірер дән- дақылдар және экзотикалық жеміс жидектер де артықтық етпейді дейді зейнеткер.

Любовь Жаворонкова: «Палау жасаймыз, етпен картоп қуырамыз, жасымыз келген соң жеңіл диеталық тағамдарды дайындаймыз. Зейнет ақымыз 800 теңге өсті. Оған қоса елбасы әлеуметтік ақыларды көбейттті. Алайда бағаларда жарысып, өсуде. Оған үйрендік те».

Әрине қыстық тұздықтар да асқа пайдаланылады. Ол әр адамның талғамына байланысты.