Бағалаушылардың лицензиясы бар ма?

Қазіргі таңда «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолы құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Оның ойдағыдай жүзеге асырылуы ел экономикасының өркендеуіне және халқымыздың әл-ауқаты өсуіне ықпал ететіні сөзсіз. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бұл жол құрылысы Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас аудандары және Арыс, Түркістан қалаларының аумақтары арқылы өтеді. Несін жасырамыз, осы аталған аудан-қалаларда дәліз өтетін жер учаскелерінің иелерінен мемлекет мұқтажына жерлерді қайтарып алу ең өзекті мәселе болып отыр.

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңның 6-бабының 2-тармағы, 4- тармақшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін меншік иелерінен сатып алынатын жер учаскелері міндетті түрде бағалануға жатады. Алайда, алынуға жататын жер учаскелеріне жүргізілген бағалау жұмыстары объективті болмай отыр. Көбінесе бағалаушылардың заңнамалармен белгіленген талаптар мен нормаларды бұзуы мемлекет мүддесіне едәуір нұқсан келтіріп, халықаралық қауымдастық алдында Қазақстанның беделіне кері әсерін тигізуде. Заң талаптарының сақталмауы сот талқылауын туындатып, қосымша қаражат пен уақыт кетіріп, жол құрылысын аяқтау мерзімінің бұзылуына соқтыруда.

Тағы да айта кететін жайт, бағалау жұмыстарын жүргізген бағалаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес. Қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңның талаптарына сай бағалаушы бағалаушылар палатасының мүшелігіне міндетті түрде кіруі қажет. Бағалаушылар палатасы әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалаларда құрылған. Әділет министрлігінің бұйрығымен бекітілген бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарына сәйкес, бағалау есебін жасаған бағалаушының қайсы бағалаушылар палатасының мүшелігінде тұратыны жөнінде мәлімет қамтылуы тиіс. Сондықтан бағалаушылар палатасының мүшелігіне кірмеген бағалаушының қызметі мен бағалау есебі жарамсыз болып танылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мүлікті бағалау және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Осы қаулыға сәйкес, бағалау қызметіне арнайы мемлекеттік лицензиялар беріледі.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Бағалаушылардың лицензиясы бар ма?"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Багалаушыларда лицензия жок, 100 процент. Олар нагыз бас ал десе шаш алатындар

wpDiscuz