Жаңалықтар 

Базарлардағы зертханалар тексерілді

Ет және ет өнімдерінің сапасын  қадағалайтын Шымкент қаласы  базарларындағы зертханалар кезекті рет тексерілді. Республикалық сараптау зертханасының бас директоры Пірімқұл Ибрагимовтың басшылығымен келген астаналық комиссия бұрынғы тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша қандай шаралар қабылданғанын анықтады.

Ибрагимов мырзаның мәлімдеуінше, іс шараның мақсаты- профилактика, мал арасындағы қауіпті аурулардың таралуын алдын -алу. Зертхана мамандарының кәсіби біліктілігінің төмендігі, сала мамандарының жетіспеушілігі, замануи құрылғылардың болмауы ойландыратын жәйт дейді ол.

Айна, Қырғы базарлардағы зертханаларда жүргізілген тексеру шараларының қорытындысы 2 желтоқсанда ҚР ауыл шаруашылығы министрінің қатысуымен өтетін жиында белгілі болады.

Related posts