Жаңалықтар 

Биыл ОҚО дамуына 197,7 млрд. теңге құйылған

Тәуелсіздіктің 20 жылында Оңтүстік Қазақстан облысындағы ішкі жалпы өнім көлемі 163 есеге өскен. Яғни, рекордтық көрсеткішке жетіп – 1 триллион 205 миллиард теңгені құраған. Экономика саласындағы өндіріс секторындағы өнім көлемі 1991 жылы 14,8 миллион теңгені құраса, 2010 жылы 316,4 миллиард теңгеге жеткен.

2011 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша, 293,4 теңгенің өнімі өндірілген, яғни өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10,9 пайызға артық. Ондағы өндірістің үлесі 26 пайыздан артық. “Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, біздің облыстағы инвестиция көлемі өсіп отыр.

Осы жылдың соңғы 10 айында ОҚО дамуына 197,7 млрд. теңге құйылған”,- дейді ОҚО өндіріс және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының бөлім бастығы Хикматулла Райымбеков.

Айта өтейік, енді мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін, әрбір өндіруші мекеме экспорттық емес, өз өнімін ұсынуы қажет. Мұндай сертификатқа 876 өнім түрімен 236 өндіріс орны ие.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz