Жаңалықтар 

“Чек талап ет-Патриот бол” акциясының жеңімпаздары анықталды

Қараша мен  желтоқсан  аралығында Шымкентте өткен мектеп оқушылары арасында өткен  “Чек талап ет-Патрион бол” акциясы  өз мәресіне жетті. Еңбекші , Әл Фараби аудандары бойынша  салық басқармалары жеңімпаздарды анықтады.

Қоғамдық комиссияның  шешімі бойынша  Еңбекші ауданы бойынша  №38 мектептің  6 “В” сынып оқушыларының 10-ы 600 чек жинап бірінші орынды иеленіп, компьютерге қол жеткізді.  Осы мектептің 5 “а” сынып оқушысы Жанель Эгамбердиева 9 460 чек жинап, белсенді оқушы атанып, ұялы телефонға ие болды. Екінші орында №65 мектептің   ең үздік 5 “е” сынып оқушылары-10434  дана чек жинаған. Үшінші орынды  9707 чек жинаған №37 мектептің  5 “б” сынып оқушылары.

Аудан көлемінде  жиналған чектер саны 127 740. Іс шараға белсенді қатысқан мектептер №38, №65, №37, №46.

Әл Фараби ауданы бойынша  85 759 дана чек жинаған 20 мектептің  оқушылары  жеңіске жетті. Екінші орында 15 мектеп, үшінші орында 9 лицей. Жалпы жиналған чектер саны 195261. Акцияда белсенділік танытқан мектептер:№20,№15,№62, №64, №7.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz