Ең ұзын көпір пайдалануға берілді

Балтакөлдегі көпір, паром 4

ОҚО-ға қарасты Отырар ауданында ұзындығы 345 метрге жететін өтпелі жол пайдалануға берілді. Енді әсіресе, жақын маңдағы Балтакөл ауылының тұрғындары Сырдариядан еш кедергісіз өтетін болды.

Сөйтіп, Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған мен Түркістанның арасында қатынайтын 20 мың халықтың жолы 4 есеге қысқарып, 50 шақырым болды. Бұрын ондағы халық 200 шақырым айналма жол арқылы жүріп, Сырдарияның арғы бетіне өтетін.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов осыдан екі жыл бұрын өлкедегі 900 елдімекеннің ахуалын білуге барғанда отырарлықтардың салып бер деп өтінгені де осы көпір болатын. Өйткені, дарияның арғы бетіне өтпекші болған жергілікті тұрғындар қайық пен паром арқылы өте алмай, суға батып, бірнеше рет қайғылы жағдайға тап болғаны бар.

Өткен жылдың 5-сәуірінде  Сырдария арқылы өтпекке бекінген бір отбасындағы төрт адам қаза тапқан еді. Дәл сонда қалқымалы қайықтан көлік құлап, бес адам суға батып кеткен болатын. Олардың екеуі 3 жасар бала. Осыдан соң, облыстық бюджет есебінен 1 миллиард теңге қаралып, бар болғаны бір жылдың көлемінде көпір пайдалануға беріліп,  дариялықтарды қуантып тастады.

Облыстағы ең ұзын көпір арқылы енді Отырар ауданына қарасты 5 елдімекеннің халқы Түркістан мен облыс орталығына қатынайды.