Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын Шымкент жастары салтанатты шерумен атап өтті. Қонаев даңғылы бойына жастар жиналып, «20 жұлдызды күн-20 сенімді қадам!» атты іс-шара өткізді.
Салтанатты шеруге қаламыздың 21 жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 2000-нан жастары қатысты. Олар 100 адамнан қатар-қатар тізіліп, ұран көтеріп, ән айтып тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.