12 ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеген Үрзада Мыңбай анамыз өмірден өтті. «Алып та анадан туады» дейді қазақ. Үрзада ана өзінің ғұмырында көп балалы батыр ана ғана емес, қоғамның тұтқасы болар айтулы азаматтарды тәрбиелеген жан. Отағасы Қамзабек аға екеуі 12 ұл-қызының барлығына да жоғары білім, өнегелі тәрбие берген аяулы жан бір әулеттін ғана емес, елдің анасы бола білді.
Ұлдары — ҚР Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбай, Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінің проректоры, белгілі Алаш танушы ғалым Диқан Қамзабекұлы, кеден саласының білгір маманы Бархан Мыңбай сынды есімдері елге белгілі азаматтарды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген ананың есімі қашанда мақтанышпен ауызға алынары хақ.
Біз, «Отырар» телеарнасы мен «Оңтүстік Рабат» газетінің ұжымы Мыңбай әулетіне қайғыларына ортақтаса отырып көңіл айтамыз. Үрзада анамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқалы болсын!