Білім министрлігінің анықтауы бойынша еліміздегі гуманитарлық бағыттағы мамандар даярлаудың үздігі болып ОҚ құқық және салалық технологиялар колледжі танылды. Бұл облысымызда, еліміздегі колледж ұжымының ерен еңбектеріне деген алғыс.
ОҚ құқық және салалық технологиялар колледжінің ұстаздарына табысталған диплом-оқу орны ұжымы еңбегінің лайықты жемісі. Байқауда колледж үздік болады деген сенімді ақтаған.
Гүлдехан Джананова, ОҚ құқық және салалық технологиялар колледжі директорының орынбасары: «Біз оқу орнымыздың материалдық базасын заманауи ағымға сай жаңарттық. Оқу жүйесіне жаңа технологиялар, яғни, Германия әдістемесін енгіздік. Облысымыздағы менеджмент сапасын ендірудегі алғашқылар болдық».
ОҚ құқық және салалық технологиялар колледжі Қазақстанда ғана емес, Францияда да сертификатқа ие. Колледж облысымыздағы арнайы 2+2 Кембридж бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келе жатқан жалғыз білім ордасы. Бұл дегеніміз оқу орнының шәкірттері Кембридж аймақтық колледжіне барып, компьютерлік білім, экономика, бизнес саласында білімін толықтыра алады.