Жаңалықтар 

Із-түссіз жоғалған екі балықшы әлі табылмады

Шардараға кеткен құтқарушылар тобы Шымкентке қайта келді. Қазір іздеу жұмыстарын облыстық құтқарушылар қызметінің шардаралық бекеті жалғастыруда.

Естеріңізде болса, Жиделі ауылының 27 және 24 жастағы екі азаматының 9-желтоқсан күні жоғалғандығын айтқан болатынбыз. Содан бері ол жерде полиция қызметкерлері мен су құтқарушылары жұмыс істеп жытыр.

Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, ол екеуі балық аулау үшін Шардара суқоймасына келген екен. Содан біреуі суға абайсызда құлап кетіп, екеіншісі құтқармақ болып, артынан түскен. сол ткеткеннен мол кеткен екеу әлі табылмай отыр. Бірақ, олар мінген қайық табылған деген даурықпаны құр сөзге балаған құтқарушылар балықшылардың із-түссіз жоғалғанын айтып отыр

Related posts